Жаңажол селолық округі әкімінің 2011 жылғы 5 қазандағы № 4 "Жаңажол селолық округінің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Жаңажол ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 07 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 желтоқсанда № 4099 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Жаңажол ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жаңажол селолық округі әкімінің 2011 жылғы 5 қазандағы № 4 "Жаңажол селолық округінің көшелеріне атау беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-124 тіркелген, 2011 жылғы 3 қарашадағы "Жем-Сағыз" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі атауында және бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосына" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылында" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңажол ауылдық округі әкімі И.Мәнібаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады