2014 жылы Қобда ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 141 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 сәуірде № 3845 болып тіркелді. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты күші жойылды – (Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2015 жылғы 5 қаңтардағы № 5-05/02 хаты)

     Ескерту. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты күші жойылды – (Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 05.01.2015 № 5-05/02 хаты).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдесіндегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 8 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Қобда аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2014 жылы Қобда ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласы мамандарға әлеуметтік қолдаудың келесідей түрлері көрсетілсін:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік несие.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудандық мәслихат сессиясының
      төрағасы
      Аудандық мәслихаттың хатшысы

С.МЕНДІГАРИН
Л.ИСМАҒАМБЕТОВА

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады