2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Ақтөбе облысы Қобда аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 7 сәуірдегі № 58 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 мамырда № 3876 болып тіркелді. 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданыста болды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 768 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 285 "Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 768 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Жарлығын іске асыру туралы" Қаулысына сәйкес Қобда ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды 2014 жылдың сәуір - маусымында және қазан- желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін жасақтау үшін мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
      3. Ұсынылсын:
      1) "Қобда аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік қазынашылық коммуналдық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізсін;
      2) "Қобда аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын;
      3) "Қобда ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) мемлекеттік мекемелермен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өкілеттілігі шегінде шақыруды ұйымдастырсын және қатысты іс – шараларды өткізуді қамтамасыз етсін.
      4. Ауылдық округтер әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшыларына шақырылушыларға шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      5. "Қобда ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесі (М.Дауылбаев) аудан әкіміне 2014 жылдың 7 шілдесіне және 2015 жылдың 5 қаңтарына шақыру нәтижелері туралы ақпарат берсін.
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Елеусіноваға және "Қобда ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" Республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы М.Дауылбаевқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Жүсібалиев

Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2014 года

Постановление Хобдинского районного акимата Актюбинской области от 7 апреля 2014 года № 58. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 4 мая 2014 года № 3876. Срок действия постановления – до 1 января 2015 года

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 27 Закона Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года "О воинской службе и статусе военнослужащих", Указом Президента Республики Казахстан от 14 марта 2014 года № 768 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле–июне и октябре–декабре 2014 года", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2014 года № 285 "О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 14 марта 2014 года № 768 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле–июне и октябре–декабре 2014 года" акимат Кобдинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Организовать и обеспечить проведение призыва на срочную воинскую службу для комплектования Вооруженных Сил Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2014 года граждан в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва.
      2. Расходы, в связи с выполнением мероприятий по проведению призыва, осуществляются за счет средств местного бюджета.
      3. Рекомендовать:
      1) государственному казенному коммунальному предприятию "Кобдинская центральная районная больница" (по согласованию) провести мероприятия по призыву;
      2) государственному учреждению "Отдел внутренних дел Кобдинского района" (по согласованию) осуществлять розыск и задержание лиц, уклоняющихся от выполнения воинской обязанности;
      3) Республиканскому государственному учреждению "Отдел по делам обороны Хобдинского района" (по согласованию) совместно с государственными учреждениями обеспечить организацию и проведение мероприятий связанных с призывом в рамках компетенции предусмотренных законодательством Республики Казахстан.
      4. Акимам сельских округов, руководителям предприятий, учреждений, организаций и учебных заведений обеспечить оповещение призывников о вызове их на призывной пункт и своевременное прибытие лиц по вызову.
      5. Республиканскому государственному учреждению "Отдел по делам обороны Хобдинского района" (Дауылбаев М.) представить информацию о результатах призыву района к 7 июля 2014 года и к 5 января 2015 года.
      6. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Елеусинову Б. и начальника Республиканского государственного учреждения "Отдел по делам обороны Хобдинского района" Дауылбаева М.
      7. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района А. Джусибалиев