Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 4 шілдедегі № 6 "Сарыбұлақ көшелері мен құрамдас және бөліктеріне атау беру атауларын өзгерту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 11 желтоқсандағы № 07 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 желтоқсанда № 4134 болып тіркелді

     РҚАО ескертпесі.
     Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағыжергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқарлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Сарбұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сарыбұлақ ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 4 шілдедегі № 6 «Сарбұлақ көшелері мен құрамдас және бөліктеріне атау беру атауларын өзгерту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-116 санымен тіркелген, 2011жылғы 18тамыздағы аудандық «Қобда» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
      «Сарбұлақ ауылының көшелері мен құрамдас бөліктеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы»;
      шешімнің бүкіл мәтіні бойынша «Сарыбұлақ» сөзі тиісінше «Сарбұлақ» сөзімен ауыстырылсын;
      шешімнің орыс тіліндегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша «аульного», «аула» сөздері тиісінше «сельского», «села» сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
 
 

      Ауылдық округ әкімі

Е. Утегенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады