И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 7 "Иманғали Білтабанов атындағы ауылдық округіндегі көшелерді атау және атауларын өзгерту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 7 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 қаңтарда № 4146 болып тіркелді

     РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқарлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес И.Білтабанов атындағы ауылдық округінің әкімі шешім қабылдады:
      1. И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 7 «Иманғали Білтабанов атындағы ауылдық округіндегі көшелерді атау және атауларын өзгерту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-117 санымен тіркелген, 2011 жылғы 18 тамыздағы аудандық «Қобда» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша «аульного», «аульном», «аула» сөздері тиісінше «сельского», «сельском», «села» сөздерімен ауыстырылсын, мемлекеттік тіліндегі атауы мен мәтіні өзгермейді.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Ауылдық округінің әкімі

А.Тасмағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады