Қобда ауданының И.Құрманов атындағы ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 22 "Исламғали Құрманов атындағы ауылдық округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қобда ауданы И.Құрманов атындағы ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 13 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 28 қаңтарда № 4184 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, И.Құрманов атындағы ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қобда ауданының И.Құрманов атындағы ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 12 шілдедегі № 22 "Исламғали Құрманов атындағы ауылдық округіне қарасты елді мекендердің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-119 болып тіркелген, 2011 жылғы 11 тамызда "Қобда" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне мынандай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің атауы мынадай жаңа редакцияда жазылсын:
      "И. Құрманов атындағы ауылдық округінің елді мекендерінің көшелеріне атау беру және атауларын өзгерту туралы";
      шешімнің орыс тіліндегі бүкіл мәтіні бойынша "аульного", "аула" сөздері тиісінше "сельского", "села" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округі әкімі Қ.Әмірғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады