Батпақкөл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 23 "Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің Жағабұлақ ауылындағы атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 16 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылдың 25 желтоқсанда № 4119 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес Батпақкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Батпақкөл ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 14 қазандағы № 23 "Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округінің Жағабұлақ ауылындағы атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-151 тіркелген, 2011 жылғы 16 қарашада аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің орыс тілдегі атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
      "О присвоении наименований безымянным улицам села Жагабулак Батпаккольского сельского округа Мугалжарского района";
      шешімнің орыс тіліндегі бүкіл мәтіні бойынша "аульного" сөзі "сельского" сөзімен ауыстырылсын;
      шешімнің орыс тіліндегі 1 тармағы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Присвоить наименования безымянным улицам села Жагабулак Батпаккольского сельского округа Мугалжарского района Сага, Жеңістің 40 жылдығы и Мектеп".
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауылдық округінің әкімі Ж.Алданиязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады