Жұрын ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы № 16 "Жұрын ауылдық округіне қарасты № 53 Талдысай разъезінің көшесіне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Жұрын ауылдық округінің әкімі 2014 жылғы 05 желтоқсандағы № 29 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 желтоқсанда № 4118 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Жұрын ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       1. Жұрын ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 20 қарашадағы №16 «Жұрын ауылдық округіне қарасты №53 Талдысай разъезінің көшесіне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-9-79 тіркелген, 2008 жылғы 10 желтоқсанда аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі атауы мен бүкіл мәтіні бойынша «аульного» сөзі тиісінше «сельского» сөзімен ауыстырылсын;
      шешімнің кіріспесіндегі «ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы №45 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы» қаулысына» сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Жұрын ауылдық округінің әкімі

Т.Абдірзақ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады