Мұғалжар ауылы әкімінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 6 "Мұғалжар ауданы Мұғалжар селосындағы көшелер атауларын өзгерту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылының әкімінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 18 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 07 қарашада № 4063 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына сәйкес Мұғалжар ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мұғалжар ауылы әкімінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 6 «Мұғалжар ауданы Мұғалжар селосындағы көшелер атауларын өзгерту туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-125 тіркелген, 2010 жылғы 2 маусымында аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша «селосындағы», «селосы», «селосының» сөздері «ауылындағы», «ауылы», «ауылының» сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мұғалжар ауылының әкімі Ғ. Дәрімбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады