Талдысай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 31 қазандағы №14 "Мұғалжар ауданы, Талдысай ауылдық округінің Талдысай және Еңбек ауылдарындағы атаусыз көшелерге атаулар беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 9 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 06 қарашада № 4062 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына сәйкес Талдысай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Талдысай ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 14 «Мұғалжар ауданы, Талдысай ауылдық округінің Талдысай және Еңбек ауылдарындағы атаусыз көшелерге атаулар беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-157 болып тіркелген, 2011 жылғы 14 желтоқсанында аудандық «Мұғалжар» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің тақырыбы келесі жаңа редакцияда жазылсын:
      «Мұғалжар ауданы Талдысай ауылдық округінің Талдысай және Еңбек ауылдарындағы атаусыз көшелерге атаулар беру туралы»;
      орыс тіліндегі шешімнің бүкіл мәтіні бойынша «аулов», «аульного», «аула» сөздері тиісінше «сел», «сельского», «села» сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Талдысай ауылдық округінің әкімі

М. Қарабатыров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады