Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды белгілеу туралы

Жаңартылған

Ақтөбе облысы Темір ауданының 2014 жылғы 22 тамыздағы № 231 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 қыркүйекте № 4020 болып тіркелді.

      Ескерту. Атау жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 12.10.2020 № 207 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес Темір ауданы әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, қосымшаға сәйкес Темір ауданының аумағында барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.

      2. Қала және ауылдық округі әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін ақпараттық стендтермен, тақталармен және тұғырлықтармен жарақтандырсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi аппаратының басшысы Б.Әділхановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Аудан әкімі

Б.Қаниев

Келісілді:


Аудандық аумақтық сайлау


комиссиясының төрағасы

А.Нұрғалиев


  Аудан әкімдігінің 2019 жылғы
  29 сәуірдегі № 94
  қаулысына қосымша
  Аудан әкімдігінің
  2014 жылғы 22 тамыздағы № 231
  қаулысына қосымша

Темiр ауданының аумағында барлық кандидаттар үшiн үгiттiк баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Ақтөбе облысы Темір аудандық әкімдігінің 12.10.2020 № 207 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Орналастыру орындары және үгіттік баспа материалдарының атауы

мекенжайы

саны

1

Ақсай ауылдық округі, Ақсай ауылы, Мәдениет үйі ғимаратының алдында орналасқан стенді

Ақсай ауылы, Төсбұлақ көшесі №4

1

2

Ақсай ауылдық округі, Шығырлы ауылы, Ауылдық клубы ғимаратының алдында орналасқан стенді

Шығырлы ауылы, Ә.Молдағулова көшесі №2

1

3

Алтықарасу ауылдық округі, Алтықарасу ауылы, Мәдениет үйі ғимаратының алдында орналасқан стенді

Алтықарасу ауылы, Қарабас көшесі №12

1

4

Жақсымай ауылдық округі, Шұбарқұдық ауылы, Ауылдық клубы ғимаратының алдында орналасқан стенді

Шұбарқұдық ауылы, Мектеп көшесі № 1

1

5

Қайыңды ауылдық округі, Құмқұдық ауылы, Ауылдық клубы ғимаратының алдында орналасқан стенді

Құмқұдық ауылы, Мектеп көшесі №6

1

6

Кеңқияқ ауылдық округі, Кеңқияқ ауылы, Мәдениет үйі ғимаратының алдында орналасқан стенді

Кеңқияқ ауылы, Парк көшесі №9Б

1

7

Кеңестуы ауылдық округі, Қопа ауылы, Ауылдық клубы ғимаратының алдында орналасқан стенді

Қопа ауылы, Саябақ көшесі №43

1

8

Саркөл ауылдық округі, Саркөл ауылы, Ауылдық клубы ғимаратының алдында орналасқан стенді

Саркөл ауылы, Мектеп көшесі №32

1

9

Саркөл ауылдық округі, Шұбарши кентi, Ауылдық клубы ғимаратының алдында орналасқан стенді

Шұбарши кенті, Геолог көшесі №25А

1

10

Тасқопа ауылы, Ауылдық клубы ғимаратының алдында орналасқан стенді

Тасқопа ауылы, Мектеп көшесі №20

1

11

Темiр қаласы, Қалалық клубы ғимаратының алдында орналасқан стенді

Темір қаласы, Сақтаған Бәйішев көшесі №6

1

12

Шұбарқұдық ауылдық округі, Шұбарқұдық кентi, Шұбарқұдық айналым пайдалану локомотив депосы ғимаратының алдында орналасқан стенді (келiсiм бойынша)

Шұбарқұдық кенті, Депо көшесі 2А

1

13

Шұбарқұдық ауылдық округі, Шұбарқұдық кенті, "Н.Байғанин атындағы Темір аудандық мәдениет үйi" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны ғимаратының алдында орналасқан стенді

Шұбарқұдық кенті, Нұрпейіс Байғанин көшесі №3

1

14

Шұбарқұдық ауылдық округі, Шұбарқұдық кенті, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы Ақтөбе облысы бойынша филиалы" Халыққа қызмет көрсету бойынша Темір аудандық бөлімі ғимаратының алдында орналасқан стенді (келісім бойынша)

Шұбарқұдық кенті, Нұрпейіс Байғанин көшесі №15/3

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады