2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Ақтөбе облысы Ойыл ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 75 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 04 мамырда 3880 болып тіркелді

     Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 05.01.2014 № 1 қаулысымен).
     РҚАО ескертпесі.
     Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасының Президентінің 2014 жылғы 14 наурыз № 768 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 285 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығын іске асыру туралы» Қаулысына сәйкес Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарулы Күштерді жасақтау үшін 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтардың мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
      3. Ұсынылсын:
      1) «Ойыл аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шаралар жүргізілсін;
      2) «Ойыл аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын;
      4. Ауылдық округтерінің әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшылары шақырушыларға шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      5. «Ойыл ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С. Жамантаев) аудан әкіміне 2014 жылдың 7 шілдесіне және 2015 жылдың 5 қаңтарына шақыру нәтижелері туралы ақпарат берсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Қазыбаевқа жүктелсін.
      7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ауданы әкімі: М. Абдуллин

Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2014 года

Постановление акимата Уилского района Актюбинской области от 10 апреля 2014 года № 75. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 04 мая 2014 года № 3880

     Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока применения - (постановлением акимата Уилского района Актюбинской области от 05.01.2015 № 1).
     Примечание РЦПИ.
     В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республики Казахстан», со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года «О воинской службе и статусе военнослужащих», Указом Президента Республики Казахстан от 14 марта 2014 года № 768 «Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2014 года», Постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2014 года № 285 «О реализации Указа Президента Республики Казахстан «Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2014 года», акимат Уилского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Организовать и обеспечить проведение призыва граждан на срочную воинскую службу в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва, для комплектования Вооруженных Сил в апреле-июне и октябре-декабре 2014 года.
      2. Расходы, в связи с выполнением мероприятий по проведению призыва, осуществляются за счет местного бюджета.
      3. Рекомендовать:
      1) государственному коммунальному предприятию «Уилская районная центральная больница» (по согласованию) провести мероприятия по призыву;
      2) государственному учреждению «Отдел внутренних дел Уилского района» (по согласованию) осуществлять розыск и задержание лиц, уклоняющихся от выполнения воинской обязанности;
      4. Акимам сельских округов, руководителям предприятий, учреждений, организаций и учебных заведений обеспечить оповещение призывников о вызове их на призывной пункт и своевременное прибытие лиц по этому вызову.
      5. Государственному учреждению «Отдел по делам обороны Уилского района» (Жамантаев С.) предоставить информацию о результатах призыва акиму района к 7 июля 2014 года и к 5 января 2015 года.
      6. Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Казыбаева А.К.
      7. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района: М. Абдуллин