2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 91 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 мамырда № 3875 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 24.12.2014 № 283 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 24.12.2014 № 283 қаулысымен.
     РҚАО ескертпесі.
     Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы № 561-IV «Әскери қызмет және әскери қызметшілердін мәртебесі туралы» Заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 13-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 768 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 285 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2014 жылдың сәуір маусымында және қазан желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 768 Жарлығын іске асыру туралы» қаулысына сәйкес Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарулы Күштерді жасақтау үшін 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырудан босатылуға құқығы жоқ азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.
      2. Шақыруды өткізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.
      3. Ұсынылсын:
      1) «Шалқар аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шараларды жүргізсін;
      2) «Шалқар аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын;
      3) шақыру пунктінде шақырылушыларды шығарып салу уақытында қоғамдық тәртіпті күзетуді қамтамасыз етсін;
      4) «Шалқар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекемелермен бірлесіп Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген құзыреті шегінде шақыруға байланысты іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз етсін.
      4. 12-қосымшыларға сәйкес 2014 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу кестелері бекітілсін.
      5. «Шалқар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ғ. Төлеген, азаматтарды шақыру кезінде «Шалқар аудандық мәдениет Үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратын «Шалқар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру пункті ретінде пайдалануға берсін.
      6. Ауылдық округтер әкімдері, кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар басшылары шақырылушыларға оларды шақыру пунктіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша адамдардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д. Қарашолақоваға және «Шалқар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Қ. Сыбаевқа жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі

Е. Данағұлов


Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 91 қаулысына 1 қосымша

2014 жылдын сәуір-маусымында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу кестесі.
 

Р/с

Қала, ауылдық округтер атаулары

Сәуір

Мамыр

Маусым

Шақырылушылардың саны

Шақырылушылардың саны

Шақырылушылардың саны

1

Шалқар қаласы

387

148

32

2

Ақтоғай ауылдық округі

26



3

Айшуақ ауылдық округі

71

11


4

Бозой ауылдық округі

89

10

7

5

Біршоғыр ауылдық округі

40

17

10

6

Есет Көтібарұлы ауылдық округі

20

7


7

Жаңақоныс ауылдық округі

10

4


8

Қауылжыр ауылдық округі

30

10

4

9

Кішіқұм ауылдық округі

50

10

6

10

Мөңке би ауылдық округі

27

8


11

Тоғыз ауылдық округі

17

13

3

12

Шетырғыз ауылдық округі

15

6


13

Шалқар ауылдық округі

10

2


   


Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 91 қаулысына 2 қосымша

2014 жылдын қазан-желтоқсаныңда азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу кестесі
 

Р/с

Қала, ауылдық округтер атаулары

Қазан

Қараша

Желтоқсан

Шақырылушылардың саны

Шақырылушылардың саны

Шақырылушылардың саны

1

Шалқар қаласы

468

201

45

2

Ақтоғай ауылдық округі

37



3

Айшуақ ауылдық округі

85

21

5

4

Бозой ауылдық округі

91

15

9

5

Біршоғыр ауылдық округі

57

21

13

6

Есет Көтібарұлы ауылдық округі

26

11


7

Жаңақоныс ауылдық округі

21

5


8

Қауылжыр ауылдық округі

38

19

5

9

Кішіқұм ауылдық округі

57

15

9

10

Мөңке би ауылдық округі

36

11


11

Тоғыз ауылдық округі

23

18

4

12

Шетырғыз ауылдық округі

25

8


13

Шалқар ауылдық округі

17

3


   
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады