Тоғыз селолық округі әкімінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 3 "Тоғыз селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауларын беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Тоғыз ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 18 қарашадағы № 8 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 желтоқсанда № 4094 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Тоғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Тоғыз селолық округі әкімінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 3 «Тоғыз селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауларын беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-115 болып тіркелген, 2009 жылғы 09 қыркүйекте «Шалқар» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің кіріспесіндегі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21қаңтардағы № 45 «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы» қаулысы» деген сөздер алынып тасталсын.
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі атауында және бүкіл мәтіні бойынша «селолық» сөзі «ауылдық» сөзімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Тоғыз ауылдық округінің әкімі А. Жақанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады