Шетырғыз селолық округі әкімінің 2011 жылғы 16 тамыздағы № 4 "Қаратоғай селосындағы көшеге Молдағазы Айтасов есімін беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Шетырғыз ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 07 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 желтоқсанда № 4101 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Шетырғыз ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шетырғыз ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 16 тамыздағы № 4 «Қаратоғай селосындағы көшеге Молдағазы Айтасов есімін беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-13-157 тіркелген, 2011 жылғы 12 қазанында «Шалқар» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
      «О присвоении улице имени Молдагазы Айтасова в селе Каратогай», шешімнің мемлекеттік тілдегі атауы өзгермейді.
      көрсетілген шешімнің мемлекеттік тілдегі атауында және бүкіл мәтіні бойынша «селолық», «селосындағы» сөздері «ауылдық», «ауылындағы» сөздерімен ауыстырылсын, шешімнің орыс тіліндегі мәтінінде өзгермейді.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Шетырғыз ауылдық округінің әкімі

Ж.С. Табынбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады