Қапшағай қалалық мәслихатының 2014 жылғы 26 ақпандағы "Қапшағай қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 29-128 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2014 жылғы 28 мамырдағы № 34-152 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 23 маусымда № 2759 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 2016 жылғы 19 мамырдағы № 4-23 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық мәслихатының 19.05.2016 № 4-23 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Қапшағай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қапшағай қалалық мәслихатының 2014 жылғы 26 ақпандағы "Қапшағай қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 29-128 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылы 20 наурызда № 2634 тіркелген, 2014 жылы 29 наурызда қалалық "Нұрлы өлке" газетінің № 13(266) жарияланған), келесі толықтырулар енгізілсін:
      33-тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Облыстың тексеру комиссиясының бюджеттің атқарылуы туралы есебін мәслихат жыл сайын қарайды".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихат аппаратының басшысы Мейрамгүл Қазбекқызы Айтоваға жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қалалық мәслихат
 
сессиясының төрағасы
А. Хивинцев
Қалалық мәслихат
 
хатшысы
Қ. Ахметтаев

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады