Іле аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 ақпандағы "Іле аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 28-132 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 32-159 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 04 маусымда № 2740 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2021 жылғы 9 шілдедегі № 10-35 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 09.07.2021 № 10-35 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Іле аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 ақпандағы "Іле аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 28-132 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылы 18 наурызда № 2676 тіркелген, 2014 жылы 3 сәуірдегі аудандық "Іле таңы" газетінің № 15(4546) жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

      33-тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Облыстың тексеру комиссиясының бюджеттің атқарылуы туралы есебін мәслихат жыл сайын қарайды".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Тлеукен Отыншықызы Көпбаеваға жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат


сессиясының төрағасы

Ш. Кағазбаева

Аудандық мәслихат


хатшысы

Е. Тұрымбетов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады