Райымбек аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 ақпандағы "Райымбек аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 24-128 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Райымбек ауданы мәслихатының 2014 жылғы 05 мамырдағы № 30-154 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 22 мамырда № 2730 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 4-26 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 25.04.2016 № 4-26 шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 8 – бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" № 704 Жарлығына сәйкес Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Райымбек аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 ақпандағы "Райымбек аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 24-128 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 20 наурызда № 2633 тіркелген, аудандық "Хантәңірі" газетінің 2014 жылғы 12 сәуірдегі № 14 санына жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
      33-тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Облыстық тексеру комиссиясының бюджеттің атқарылуы туралы есебін мәслихат жыл сайын қарайды".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Саретбаев Ғабит Болатұлына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудандық мәслихат
 
сессиясының төрағасы
Р. Абдрахманов
Аудандық мәслихаттың
 
хатшысы
Е. Құдабаев

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады