Сарқан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 07 ақпандағы "Сарқан аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 30-154 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 05 мамырдағы № 35-187 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2014 жылы 21 мамырда № 2727 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 27-120 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Сарқан аудандық мәслихатының 30.11.2017 № 27-120 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқасының пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына, "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес Сарқан аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сарқан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 07 ақпандағы "Сарқан аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" № 30-154 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 20 наурызда № 2632 тіркелген, 2014 жылы 5 сәуірдегі аудандық "Сарқан" газетінің № 14 (9058) жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:

      33-тармақ келесі мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Облыстың тексеру комиссиясының бюджеттің атқарылуы туралы есебін мәслихат жыл сайын қарайды".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Бейсенбай Мерекебайұлы Разбековқа жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Е. Алинов

Мәслихат хатшысы

Қ. Абдрахманов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады