Қаржы мониторингі субъектiлерiн жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 қарашадағы № 533 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 желтоқсанда № 10001 тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      «Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы
28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 8-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қаржы мониторингі субъектiлерiне жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптар бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (Б.Ш. Тәжіяқов) заңнамада бекітілген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2014 жылғы 15 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                             Б. Сұлтанов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Әділет министрі
      Б. Имашев _______________
      2014 ж. 22 желтоқсан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрі
      Ә. Исекешев ________________
      2014 ж. 8 желтоқсан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы Мәдениет
      және спорт министрі
      А. Мұхамедиұлы _____________
      2014 ж. 10 желтоқсан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Банкінің Төрағасы
      Қ. Келімбетов _______________
      2014 ж. 19 желтоқсан

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрінің м.а.
      Т. Жақсылықов ________________
      2014 ж. 28 қараша

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің  
2014 жылғы 28 қарашадағы
№ 533 бұйрығымен  
бекітілген      

Қаржы мониторингі субъектiлерiне жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптар 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қаржы мониторингі субъектiлерiне жұмыскерлерді даярлау және оқыту бойынша қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – АҚ/ТҚҚ туралы Заң) сәйкес әзірленді және қаржы мониторингі субъектiлерiне жұмыскерлерді даярлауға және оқытуға қойылатын талаптарды белгілейді.
      2. Даярлаудың және оқытудың мақсаты қаржы мониторингі субъектілерінің жұмыскерлерін оларға қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (бұдан әрі – АЖ/ТҚҚ) туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау үшін қажетті қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында білім алуы болып табылады.
      3. Қаржы мониторингі субьектісінің басшысы АЖ/ТҚҚ мақсатында міндетті даярлаудан және оқытудан өтуге тиіс жұмыскерлердің тізбесін бекітеді.

2. Қаржы мониторингі субъектілерінің жұмыскерлерін
даярлау және оқыту бағдарламасы

      4. АЖ/ТҚҚ саласында даярлау және оқыту бағдарламасы:
      1) Қазақстан Республикасының АЖ/ТҚҚ саласындағы нормативтік құқықтық актілерін және АЖ/ТҚҚ саласындағы халықаралық стандарттарды зерделеуді;
      2) қаржы мониторингі субъектілерінің өздерінің қызметтік міндеттемелерін орындау кезінде Ішкі бақылау ережелері және оларды жүзеге асыру бағдарламаларын зерделеуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген АЖ/ТҚҚ туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындамағаны үшін жауапкершілік шараларын;
      3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың типологияларын, схемаларын және тәсілдерін, сондай-ақ күдікті операцияларды айқындау критерийлерін зерделеуді қамтуға тиіс.
      5. Даярлау және оқыту:
      1) кіріспе (қаржы мониторингі субъектiлерi жұмыскерлерінің АЖ/ТҚҚ халықаралық және ұлттық жүйесі, АЖ/ТҚҚ мақсатында қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері және өзге де ішкі құжаттар туралы базалық білім алуы);
      2) негізгі (қаржы мониторингі субъектiлерi жұмыскерлерінің олардың АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы сақтауы үшін қажетті білім алуы, қаржы мониторингі субъектiлерiнің ішкі бақылау жүйесін, оларды жүзеге асыру бағдарламасын және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін басқару үшін жеткілікті деңгейде осы мақсаттарда қабылданған өзге де ішкі құжаттарды жетілдіру және тиімділігін қолдау);
      3) білім деңгейін арттыру (қаржы мониторингі субъектiлерi жұмыскерлерінің АЖ/ТҚҚ саласындағы білімін жаңарту және жүйелеу, Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының
(бұдан әрі – ФАТФ) халықаралық стандарттарын зерделеу, қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатумен және терроризмді қаржыландырумен күрестің қазіргі ұлттық және халықаралық әдістерімен таныстыру) курстар түрінде жүзеге асырылады.
      6. Қаржы мониторингі субъектiлерiнің жұмыскерлері кіріспе курсты жұмысқа қабылдау кезінде және олардың АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы орындауымен байланысты жұмыскерлерді ұйым ішінде лауазымға ауыстыру (уақытша ауыстыру) кезінде өтеді.
      Көмекші оқыту материалдары ретінде қаржы мониторингі субъектiлерiнің жұмыскерлеріне кіріспе курс өту түрінде барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті Бірыңғай ақпараттық талдамалы жүйесінің «Оқыту және дамыту» ішкі жүйесінің мүмкіндіктерін пайдалану ұсынылады.
      7. Қаржы мониторингі субъектiлерiнің жұмыскерлерін негізгі курс түрінде оқыту бір рет, олар АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы сақтауымен байланысты функцияларды жүзеге асырғанға дейін өтеді.
      8. Оқып-үйренулердің қызмет ерекшеліктерін және АЖ/ТҚҚ және білім саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша осы талаптарды ескере отырып, кадрлар даярлау және оқытуды жүзеге асырушы білім ұйымдары әзірлеген АЖ/ТҚҚ саласында қаржы мониторингі субъектілерінің жұмыскерлерін оқыту бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
      9. Білім деңгейін арттыру Талаптардың 8-тармағына сәйкес бағдарлама бойынша білім ұйымдары өткізетін семинарларға, тренингтерге және өзге де оқытып-үйрету іс-шараларына қаржы мониторингі жұмыскерлерінің қатысуы нысанында жүзеге асырылады.

3. Қаржы мониторингі субъектілері жұмыскерлерінің даярлаудан
және оқытудан өтуін есепке алу және бақылау

      10. Қаржы мониторингі субъектілері жұмыскерлерінің кіріспе, негізгі курстар және білім деңгейін арттыру бойынша оқытудан осындай оқытуды жүргізген білім ұйымы беретін құжатпен расталуы тиіс.
      11. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары АЖ/ТҚҚ мәселелері бойынша қаржы мониторингі субъектілерінің жұмыскерлерін даярлау және оқыту бойынша талаптарды орындау бөлігінде өз құзыретіне сәйкес ішкі бақылауды ұйымдастыру және орындау бойынша АЖ/ТҚҚ туралы заңнаманы қаржы мониторингі субъектілерінің орындауын бақылауды жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады