Ормандарды молықтыру мен орман өсіру және олардың сапасына бақылау жасау қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 22 желтоқсандағы № 18-02/681 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 қаңтарда № 10119 тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағының 18-25) тармақшасына және 73-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.10.2015 № 18-03/947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 26.10.2015 № 18-03/947 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мамытбеков


  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 18-02/681 бұйрығымен
бекітілген

Ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың
сапасына бақылау жасау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің (бұдан әрі – Орман кодексі) 13-бабы 1-тармағының 18-25) тармақшасына және 73-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру мен орман өсiру және олардың сапасына бақылау жасау тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) агротехникалық күтім жасау – орман ағаштарына күтім жасау шаралары, бұл оларда шөп және керексіз ағаш пен бұта өсімдіктерінің өсуіне жол бермеуді және топырақта ылғалдың жиналуын қамтамасыз етуді қамтиды;

      2) аралас орман ағаштары – құрамында бірнеше ағаш және бұта тұқымдылары бар орман ағаштары;

      3) бастапқы орман ағаштары – кескен кезде қажетті тұқымдылардың сенімді түрде жаңаруын қамтамасыз ету мақсатында кесерден бірнеше жыл бұрын өсіп тұрған орман қолтығында өсірілген ағаштар;

      4) генерация – кейінгі ұрпақ ауыстыратын бір жастағы тұқымдылардан тұратын ұрпақ;

      5) екпелеріді қайта жаңарту – құндылығы шамалы немесе өнімділігі төмен екпелерді құнды және шығымдылығы жоғары екпелерге ауыстыру;

      6) орман ағаштарын техникалық қабылдау – орман иеленушінің комиссиясы жүргізетін міндетті сипаттағы іс-шара;

      7) ормандарды молықтыру және орман өсіру қоры (бұдан әрі – ОМОҚ) – орман ағаштарын алуға, орманның табиғи өсуіне және орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шараларын жүргізуге арналған мемлекеттік орман қорының жерлері. ОМОҚ орман ағаштары қорына, құндылығы шамалы және жіңішке екпелерді қайта жаңарту қоры мен орманды өсіру қорына бөлінеді;

      8) орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу – шаруашылық жағынан құнды тұқымдылардан орманның жаңа ұрпағының тез арада пайда болуы және сақталуы үшін қолайлы жағдайлар жасау;

      9) өздігінен өсіп-өну – табиғи түрде жаңарған ағаш және бұта тұқымдыларының өсімі;

      10) сүрекдің жасының сыныбы – тегіне байланысты сүрекдіңдердің жас құрылымының сипаттамасы үшін қолданылатын жас аралығы;

      11) сүрекдіңнің толымдылығы – нақты және қалыпты (стандартты кестелер бойынша оңтайлы толымдылығы бір бүтін оннан нөл) екпе ағаштар қималарының алаңдары сомаларының арақатынасымен айқындалатын салыстырмалы көрсеткіш, жас ағаштарда ағаш шымылдығының толысу дәрежесі бойынша анықталады;

      12) таза орман ағаштары – қандай да бір тұқымдық дақылдар, олардың өсуі нәтижесінде осы тұқымдықтың таза екпесі пайда болуға тиіс;

      13) тұқымдықтар (тұқым шашу көздері) – жеке тұрған тұқымдық ағаштар немесе олардың тұқымдық топтары, орман учаскелері-тұқымдық шоқ ағаштар немесе орманның табиғи жаңаруын қамтамасыз ету үшін жақын орман учаскелерінен тұқымның басқа жаққа ұшып келуі мүмкін емес кеспеағаштарда қалдырылатын орман учаскелері-тұқымдық жолақтар;

      14) ықтырмалық орман ағаштары – белгілі бір аралықта алмасып отыратын ықтырмалар мен ықтырма аралық кеңістіктер түрінде құрылатын екпелер.

      3. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру мемлекеттік орман қоры учаскелерінің ықтимал орман өсіру жағдайларына, ағаш және бұта тұқымдылардың орман болып өсу қасиеттеріне сәйкес жүзеге асырылады және:

      1) орман ағаштарын отырғызуды немесе орманды күтiп-баптау және оны сауықтыру жөнiндегi шараларды қоса алғанда, бұдан бұрын орман алып жатқан алаңдарда жаңаруына жәрдемдесу шараларын жүргiзуді, сондай-ақ бұрын орман болмаған аумақтарда жасанды орман екпелерiн құруды және өсiруді;

      2) мемлекеттік орман қоры жерлерін ұтымды пайдалануды;

      3) ормандардың өнімділігі мен сапасын арттыруды;

      4) аумақтың оңтайлы мөлшерде орманды болуын қамтамасыз етуді;

      5) ормандардың ортаны қорғау және орта құру функцияларын орындау үшін олардың су қорғау, қорғаныштық, санитариялық-гигиеналық және басқа да пайдалы қасиеттерін арттыруды қамтамасыз етеді.

      4. Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 73-бабына сәйкес ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөнінде мемлекеттік орман қорында жүргізілетін жұмыс көлемі орман орналастыру және осы салада маманданған басқа да жобалау-іздестіру ұйымдары әзірлеген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен жобалармен (орман орналастыру жобасы) айқындалады.

      5. Ормандарды молықтыру жөніндегі жұмыстардың көлемі орман орналастыру жобасында орман көмкермеген алқаптардан тұратын мемлекеттік орман қорының барлық учаскелерінде, сондай-ақ тексеріс кезеңінің кеспеағаш қорын құрайтын учаскелерде ормандарды молықтыру тәсілі көрсетіле отырып, тексеру кезеңіне көзделеді.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.06.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру:

      1) орманның табиғи жаңаруы;

      2) орманды табиғи жаңғыртуға жәрдемдесу шараларын жүргiзу;

      3) орман ағаштарын құру тәсілдерімен жүзеге асырылады.

      7. Таулы ормандардың тік беткейлерінде ормандарды молықтыру орманның табиғи жаңаруы немесе орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шараларын жүргізу жолымен жүзеге асырылады.

      8. Басқа табиғи аймақтарда табиғи жаңарудың болуына және орманның табиғи жаңаруы немесе орман дақылдарын құру арқылы шаруашылықтың қарқынды жүргізілуіне байланысты болады.

      9. Рұқсат етілген шекті мерзім ішінде орманды шаруашылық тұрғыдан құнды тұқымдылармен табиғи қалпына келтіру мүмкін болмайтын орман көмкермеген жерлерде орман ағаштары құрылады.

      10. Сүрекдіңдерді кесуден кейін бірден орман ағаштарын құру керек орман учаскелері орман орналастыру жобаларымен анықталады.

      11. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ормандарды молықтыру мен орман өсіруді орман иеленушілері жүзеге асырады.

2. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру тәртібі
1-параграф. Орманның табиғи жаңаруы кезінде іс-шаралар
жүргізу тәртібі

      12. Ағаш дайындау жұмыстарын жүргізу алдында орман орналастыру материалдарына сәйкес кесілетін алқапта ормандарды молықтыру тәсілі анықталады.

      13. Егер орман орналастыру жобасында орманның табиғи жаңаруы көзделсе, ағаш кесуді жүргізу өскiнді және тұқымдықтарды сақтауды көздейтін тәсілдерімен жүзеге асырылады. Бұл ретте ағаш кесуді жүргізу басталғанға дейін өскіндер есепке алынады.

      Орманның табиғи жаңаруы немесе орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шараларын жүргізу көзделген учаскелер орман өсіру қорын құрайды.

      14. Орманның табиғи жаңаруы (өсуі):

      1) шаруашылық тұрғыда құнды тұқымдылардың өсуге қабілетті өскіні болған жағдайда;

      2) егер тұқыммен жаңарту мүмкін болмаса, ал өсу арқылы жаңару шаруашылық жүргізу мақсаттарына сәйкес келсе, түбірден немесе тамыр тармақтарынан балақ шыбықтардың пайда болуы арқылы өсу жолымен жаңаруға қабілетті ағаш тұқымдылар екпелерін кесу кезінде көзделеді.

      15. Орманды өсу жолымен жаңарту кезінде (түбір өскіндерінен, тамыр тармақтарынан) еменнің өскінмен жаңаруы екі генерациядан, қайың, көктерек – үш генерациядан аспауы тиіс.

2-параграф. Орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу
шараларын жүргiзу тәртібі

      16. Орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шараларын жүргізу ойдағыдай табиғи жаңаруды күтуге болатын ормандарда жүзеге асырылады.

      17. Орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шараларына мыналар жатады:

      1) ағаш дайындау кезінде шаруашылық жағынан құнды тұқымдылардың өміршең өскіндерін сақтау;

      2) кеспеағаштарды кесу жұмыстары аяқталған соң өскіндер мен өздігінен өсіп-өнген өркендерге күтім жасау;

      3) топырақтың үстіңгі қабатын ішінара минералдандыру;

      4) ағашы кесілген жерлерді қоршау;

      5) шаруашылық жағынан құнды тұқымдылардың өскіндері мен өздігінен өсіп-өнген өркендердің мөлшері жеткіліксіз немесе олар біркелкі орналаспаған учаскелерде орманның табиғи жаңаруын толықтыру үшін бас тұқымдықтың көшеттерін немесе қалемшелерін отырғызу.

      18. Тұқымдықтарды (ағаштар мен шоқ ағаштарды) қалдыру – жаңаруды қамтамасыз етудің аса маңызды шарты ретінде ағаштарды бөлу және ағаш дайындау кезіндегі міндетті орман өсіру шарасы болып табылады. Бұл орайда орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шараларына іс-шаралардың дербес түрі ретінде енгізілмейді.

      19. Алып тасталды - ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.04.2023 № 127 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Ағаш дайындау аяқталған соң өскіндерге күтім жасау сақталып қалған өскіндерді ағаштар мен бұталарды көлеңкелейтін ағаш кесу қалдықтары мен жер үйінділерінен босатуды және тым қалың ағаш топтарын сиретуді білдіреді.

      21. Топырақты минералдандыруды тұқымдардың өсіп-өнуі және өскіндердің жерсінуі үшін жайлы жағдайлар жасау мақсатында ағаш кесілген жерлер мен алаңқайларда толымдылығы нөл бүтін оннан алтыдан аспайтын кесуге түсетін екпелердің қолтығы астында жүргізіледі.

      22. Топырақты минералдандыру бүкіл учаске алқабының отыз пайызынан кем болмайтын алқапта және тұқым шашқыштардан бес метр немесе сақталып қалған өскін топтарынан үш метр жақын болмайтын жерлерде жүргізіледі.

      23. Жас ағаштарды үй және жабайы жануарлардың зақымдау қауіпі орын алған жағдайда орманы табиғи жаңарып жатқан учаскелер барлық жағынан немесе мал айдап өтетін жерлерде қоршалады.

      24. Орманның табиғи жаңару үшін белгіленген учаскелері орман өсіру қорын құрайды.

      25. Орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шаралары жүргізілген алаңдарды есепке алу осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шаралары жүргізілген алаңдарды есепке алу кітабінде жүргізіледі.

3-параграф. Орман ағаштарын құру тәртібі

      26. Орман ағаштары орман ағаштары қорында және құндылығы төмен және жіңішке екпелерді қайта жаңарту қорында құрылады.

      27. Орман ағаштары қоры мынадай санаттарды қамтиды:

      1) бір-екі жыл бұрын ғана ағашы кесілген жерлер;

      2) үш және одан көп жыл бұрын ағашы кесілген, рұқсат етілетін барынша шекті мерзім ішінде шаруашылық тұрғыдан құнды тұқымдылармен табиғи жаңармаған жерлер;

      3) өрттің салдарынан (өртеңдер) немесе басқа да себептер бойынша жойылған, рұқсат етілетін барынша шекті мерзім ішінде орманның шаруашылық тұрғыдан құнды тұқымдылармен табиғи жаңаруы күтілмейтін екпелер учаскелері;

      4) жойылған және есептен шығарылған орман ағаштары;

      5) алаңқайлар, селдір ормандар, сондай-ақ пайдалы қазбалары алынғаннан кейін орман өсіруге жарамды жағдайға келтірілген жерлер;

      6) ауыл шаруашылығына пайдаланудан шығарылған, орман өсіруге жарамды учаскелер;

      7) орман өсіруге жарамды құмдар, жыралар және басқа да ормансыз жерлер. Бұл ретте осы санаттағы жерлер агрохимиялық топырақ зерттеулері жүргізілгеннен кейін орман дақылдары қорына енгізіледі.

      Ескерту. 27-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.06.2016 № 258 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      28. Құндылығы төмен және жіңішке екпелерді қайта жаңарту қоры мынадай санаттардан тұрады:

      1) неғұрлым өнімді сүрекдіңдер өсіруге жарамды учаскелердегі бұталы жыңғылдар;

      2) учаскенің орман өсіру жағдайларына сай келмейтін құндылығы төмен ағаш тұқымдыларының өскіндері;

      3) селдіреген толымдылығы төмен (толымдылығы нөл бүтін оннан бес және одан төмен) немесе зақымданған екпелер мен жасы екінші сыныптағы және одан үлкен қажетсіз тұқымдылар басым өнімділігі төмен сүрекдіңдер.

      29. Қағидалардың 27-тармағының 1), 2), 3), 5) тармақшаларында көрсетілген учаскелерде орман дақылдары орман иеленуші әзірлеп, оның бірінші басшысы бекіткен жұмыс жобалар бойынша құрылады.

      30. Осы Қағидалардың 27-тармағының 4), 6), 7) тармақшаларында және 28-тармағында көрсетілген учаскелерде орман ағаштары осы салада маманданған жобалау-іздестіру ұйымдары әрбір учаске үшін нақты әзірлеген, мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен жұмыс жобалар бойынша құрылады.

      31. Бірінші кезекте орман ағаштары қорының мынадай жерлері игеріледі:

      1) су және жел эрозиясына ұшыраған учаскелер;

      2) елді мекендердің жасыл аймақтарында және өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектілерінің жағалауларындағы ормандардың тыйым салынған жолақтарында орналасқан учаскелер;

      3) қылқан жапырақты ағаш тұқымдылардың жаңадан кесілген жерлері және биік сабақты шөптесін өсімдіктер жылдам өсіп кететін өртеңдер алқаптары;

      4) жоғарғы сыныптар бонитетіндегі екпелерді өсіруге жарамды топырағының өнімділігі жоғары орман көмкермеген жерлер;

      5) құнды ағаш тұқымдыларды енгізу көзделген құндылығы төмен екпелер кесілген жерлер;

      6) пайдалы қазбалар өндіруден шығарылып, орман өсіруге жарамды күйге келтірілген жерлер.

      32. Жұмыс жобада анықталған жағдайларда ықтырмалық орман ағаштары екі кезеңде құрылады. Бірінші кезеңде ағаштар белгілі бір аралықта алмасып отыратын ықтырмалар түрінде құрылады, екінші кезеңде ықтырмааралық кеңістіктерде құрылады.

      33. Құрамы бойынша орман ағаштары таза немесе аралас күйінде құрылуы мүмкін.

      34. Басты тұқымды жергілікті орман құраушы тұқымдылардан таңдап алынады, ал оң тәжірибе жинақталған жағдайда – шаруашылық жүргізу мақсаттарына және учаскенің орман өсу жағдайларына сәйкес келетін жерсіндірілген тұқымдылардан таңдалады.

      Ілеспе тұқымдылар мен бұталарды таңдағанда олардың бас тұқымдымен бір біріне әсер етуін ескеру керек.

      35. Орман ағаштарының бастапқы жиілігі және отырғызатын (егетін) орындарды орналастыру орнықты, өнімділігі жоғары сүрекдіңнің қалыптасуын қамтамасыз етуге тиіс. Отырғызылатын өсімдіктердің саны жұмыс жобалармен айқындалады.

      36. Жұмыс жобаларды әзірлеу кезінде бір гектарда отырғызылатын өсімдіктердің саны Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 561 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6531 тіркелген) бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік орман қорында орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру қағидаларында көзделген орман көмкерген жерлерге ауыстырылатын орман ағаштарының сапасын бағалаудың нормативтік көрсеткіштерінен кем болмауы тиіс.

      37. Орман ағаштарын құрудың негізгі әдісі отырғызу болып табылады.

      Отырғызуды су және жел эрозиясына ұшырайтын жерлерде, ылғалы мол жерлерде және отырғызу орындарын арамшөптер тез басып қалатын учаскелерде, сондай-ақ ылғалы аз аудандарда жүргізген жөн. Селекциялық көшеттік материалдар қолданылатын ағаштар, сондай-ақ қылқан жапырақты тұқымдылардың ағаштары отырғызу арқылы ғана өсіріледі.

      38. Отырғызу үшін орман ағаштарының сенімділігін қамтамасыз етуге, оларға агротехникалық күтім жасау қажеттілігін азайтуға және орман ағаштарын орман көмкерген жерлерге ауыстыруды тездетуге мүмкіндік беретін стандартты көшеттер мен шыбықтар, сондай-ақ қалемшелер пайдаланылады.

      39. Тау жағдайларында орман ағаштарын құру үшін жер дайындауды жобалау кезінде жер өңдеу тәсілі учаскенің географиялық аймақтылығы, тау беткейлерінің рельефі, экспозициясы және көлбеулігі, топырақ төсеуші жыныстың су өткізгіштігі, топырақтың тастақтығы дәрежесі, учаскенің мөлшері мен қолжетімділігі, эрозиялық үдерістердің пайда болу және даму қаупі ескеріле отырып таңдалады.

      40. Таулы жағдайда жер өңдеу осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген таулы жағдайларда орман дақылдарын құру үшін жер өңдеу тәсілдеріне сәйкес жобаланады.

      41. Топырақта зиянкестер болған жағдайда оны орман ағаштарын құру үшін жер дайындау кезінде күресу шаралары қолданылады.

      42. Ерекшелік ретінде, құндылығы төмен тұқымдылардың қайта өсу қауіпі болмаған жағдайда топырақты алдын ала өңдемей-ақ орман дақылдарын көшеттермен бір гектарға бес жүз данаға дейін түбір мөлшерінде жақсы тазартылған ағашы кесілген жерлерде, арамшөптерден таза жыртылатын жерлерде, құмдарда, орман өсіруге жарамды тегістелген үйінділерде, орман дақылдарымен бәсекелес өсімдіктер өспейтін және тым қатты қуаңшылыққа ұшырамаған жерлерде отырғызуға рұқсат етіледі.

      43. Құмайт жерлерде орман ағаштарын құру кезінде қажет болған жағдайда бұта ағаштарынан (бұталардан) ықтырмалар жасау жолымен жылжымалы құмдарды тоқтату шаралары жүргізіледі. Бұл жағдайда бас тұқымдыны енгізгенге дейін алдын ала бұталар отырғызу орман дақылдарының көлеміне есептелмейді.

      44. Шөл және шөлейт аймақтарда жеңіл механикалық құрамдағы топырақта құмды бекітетін тұқымдылардың орман дақылдарын - сексеуіл, черкез, жүзгін құру, сондай-ақ Қазақтың ұсақ шоқысының далалы аймағында құнды ағаш тұқымдылары басым тік беткейлерде (21 градустан астам) тұқым себу әдісімен рұқсат етіледі.

      45. Неғұрлым қатаң орман өсіру жағдайларында механикалық құрамы орташа және ауыр топырақты жерлерде орман ағаштары көшеттер отырғызу арқылы құрылады.

      46. Себу әдісімен жапырақты тұқымдылардың тұқымдары ірі орман ағаштары: емен, талшын, жаңғақ, бадам, пісте өсіруге рұқсат етіледі.

      47. Орман көмкерген жерлерде орман ағаштары құндылығы төмен екпелерді қайта жаңартқанда, орман қолтығындағы және бастапқы орман ағаштары құрғанда отырғызылады.

      Өздерінің құрамы, пісіп-жетілу жасында күтілетін толымдылығы, өнімділігі және атқаратын пайдалы қызметтері бойынша учаскенің орман өсіру жағдайларына және ормандардың нысаналы мақсатына сәйкес келмейтін бес жастағы және одан да үлкен құндылығы төмен екпелер, сондай-ақ елді мекендердің өз функцияларын орындамайтын жасыл аймақтарының рекреациялық, су қорғау және топырақ қорғау екпелері қайта жаңартуға жатады.

      48. Құндылығы аз екпенің құрамы мен биіктігіне, онда өсіп тұрған бас тұқымды ағаштардың мөлшеріне және учаске аумағы бойынша олардың біркелкі бөлінуіне байланысты екпелерді қайта жаңартудың дәліздік, шоқтанған-топтық немесе тұтас қамту тәсілдері қолданылады.

      49. Орман қолтығындағы ағаштарды санитариялық-гигиеналық функцияларды арттыру мақсатында жасыл аймақтардың ормандары мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың рекреациялық аймақтарында, орман шаруашылығы қауырт жүргізілетін аудандардағы қорғаныштық екпелерде отырғызады.

      Орман көмкерген жерлердегі орман ағаштарының бастапқы жиілігі осы орман өсіру жағдайларында тұтас дақылдар үшін сапаны бағалаудың нормативтік көрсеткішінің елу пайызынан кем болмауы тиіс.

      50. Сүректі жедел алу мақсатында плантациялық орман ағаштары құрылады. Плантациялық орман ағаштары үшін орман өсіру жағдайлары жақсы орманның неғұрлым шығымды түрлеріндегі орман ағаштарының қорының алқаптары бөлінеді.

      51. Аумақтың орманды жерлерін көбейту, эрозиялық үрдістерді болдырмау және бұдан бұрын орманы болмаған аумақтардағы экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында:

      1) жер бетіндегі су ағысын реттеу, топырақтың су эрозиясымен күресу және судың жер бетіндегі су ағысын топырақ ішіндегі су ағысына ауыстыру үшін тау беткейлері мен сай-салалы жерлерде екпелер;

      2) жергілікті жердің гидрологиялық және микроклиматтық жағдайларын жақсарту, жолдарды қар басып қалудан қорғау үшін мемлекеттік қорғаныштық орман жолақтары;

      3) шағын өзендерді және басқа да су көздерін эрозия өнімдерімен батпақтанудан, ластанудан қорғау және олардың су режимін жақсарту үшін бұлақ басындағы, су сағасы мен жағасы бойындағы екпелер;

      4) құмдарда оларды бекіту, жел эрозиясынан қорғау және жасыл аймақтар құру мақсатында пайдалану үшін алқаптық, ықтырмалық немесе жолақтық екпелер;

      5) жайылымдық жерлерде алқаптардың жемшөптік өнімділігін арттыру, мал қораларын қатты желдерден және қар мен ұсақ топырақтың басып қалуынан қорғау, малды күн радиациясынан, желден және зиянды жәндіктерден қорғау үшін орман жолақтары, ықтырмалар және алқаптық екпелер;

      6) сүрек алу мақсатында тез өсетін ағаш тұқымдылардың плантациялары құрылады.

      52. Ағаш отырғызу және ағаш тұқымын себу жұмыстары аяқталғаннан кейін күнтізбелік он бес күн өткен соң орман иеленушінің бірінші басшысының шешімімен құрылған комиссия орман дақылдарына техникалық қабылдау жүргізіп, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актімен ресімделеді. Комиссия құрамына кемінде үш адам енгізіледі, оған орман иеленушінің бірінші басшысының орынбасары мен мамандары енеді.

      53. Орман ағаштарын техникалық қабылдау қорытындылары бойынша деректер осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша орман ағаштарын есепке алу кітабына енгізіледі.

      54. Елді мекендер жасыл аймақтарының орман ағаштарын есепке алу кезінде олардың алаңына жобаланып отырған жасыл аймақтың алаңына кіретін мемлекеттік орман қорының барлық жерлерлі қосылады.

      55. Ормандарды молықтырудың жай-күйі мен тиімділігін есепті кезеңде:

      1) есепті кезеңде ормандарды молықтыру алқабының осы кезеңде жаппай ағашы кесілген жерлер мен өртеңдердің жалпы алқабына арақатынасына тең ормандарды молықтыру коэффициенті;

      2) есепті кезеңде шаруашылық тұрғысынан құнды екпелер санатына енгізілген жас ағаштар алқабының есепті кезеңде ормандарды молықтыру жөнінде жұмыстар жүргізілген жалпы алқапқа арақатынасына тең ормандарды молықтыру тиімділігінің коэффициенті;

      3) есепті кезеңде енгізілген жас ағаштар алқабының есепті кезеңде жаппай ағашы кесілген жерлер мен өртеңдердің жалпы алқабына арақатынасына тең шаруашылық тұрғысынан құнды екпелер санатына жас талдарды енгізу коэффициенті сипаттайды.

      56. Ормандарды молықтырудың ойдағыдай жүргізілу барысын бірге тең немесе оған жақын көрсетілген коэффициенттердің мәні сипаттайды.

3. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру сапасына
бақылау жасау тәртібі

      57. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылауды орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) мен оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) жүзеге асырады.

      58. Бақылау ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөнінде орындалған іс-шаралардың орман заңнамасына сәйкестігін тексеру жолымен жүзеге асырылады.

      59. Орман иеленушілер тексеруді жүзеге асырушы уәкілетті органның немесе аумақтық бөлімшелердің лауазымды тұлғаларына қажетті материалдарды ұсынады.

      60. Тексеру орман иеленуші өкілінің қатысуымен тексеру орнына барып жүзеге асырылады.

      61. Жүргізілген тексерудің қорытындылары бойынша орман иеленушінің қатысуымен осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру нәтижелері туралы акт жасалады.

  Ормандарды молықтыру мен орман
өсiру және олардың сапасына
бақылау жасау қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Орманның табиғи жаңаруына жәрдемдесу шаралары
жүргізілген алаңдарды есепке алу кітабы

      ______________________________________________________________

      Орман иеленушінің, орманшылықтың атауы

Р/с №

Отырғызу

жылы

Орналасқан жері

Учаскенің ауданы,

гектар

Орман өсіретін

жағдайдың

сипаттамалары

орам

телім

орам

телім

1

2

3

4

5

6

7









Жер дайындау

тәсілі

(өткізген

жағдайда)

Отырғызу

тәсілі

Орналасу схемасы

Себілетін және

отырғызатын материалдың

сипаттамасы

8

9

10

11





  Ормандарды молықтыру мен орман
өсiру және олардың сапасына
бақылау жасау қағидаларына
2-қосымша

Таулы жағдайларда орман дақылдарын
құру үшін жер өңдеу тәсілдері

Р/с

Тау бауырының қиялығы және

топырақтың сипаттамасы

Жер өңдеу тәсілі

1

2

3

1.

Тау бауырының қиялығы 6

градусқа дейін қалың

қабатты және тасы аз

топырақтарда

Жаппай өңдеу

2.

Тау бауырының құламалығы 6

градустан 12 градусқа

дейін:


1) тасы аз топырақта

Жолақтап жырту немесе жыртпа

террастар тарту, сондай-ақ түбін

қопсыта отырып, көлденең атыздар

тілу

2) құрғақ және сабағы биік

өсімдіктер өспейтін

құнарлы тастақ топырақта

Тілімдерді қопсыту, атыздар тартып,

түбін қопсыту немесе шағын

терассалар дайындау

3) бұталар өскен немесе

сабағы биік шөптесін

өсімдіктер қаптап кеткен

учаскелерде

Бульдозер немесе тамыр жұлып-жинағыш

дайындаған 3-4 метр үзілімдері бар

ұзындығы 15-20 метр үзік

жолақтармен. Жиектерінің

аралығындағы қашықтық 2,5-3,5 метр

болатын террастар, атыздар, жолақтар

ұзын жағымен бірінен кейін бірі

көлденең орналастырылады

3.

Терең және орташа қабатты

тасы аз топырақты тау

бауырының құламалығы 12

градустан 20 градусқа

дейін еңіс және тік

жоталарда

Бульдозерлермен және тамыр

жұлып-жинағыштармен тау баурайын

бойлай 3-5 метрлік қысқа үзік

жолақтар тарту

4.

Тік тау баурайларында (21

градустан астам) су өтетін

аналық топырақ төселген

жерлерде

Жерді террастар немесе алаңқайлар

түрінде ғана дайындауға жол беріледі

5.

Шағын көлемді тым тастақ

учаскелерде

Қолмен алаңқайлар жасап өңдеу,

шұңқырлар қазу

  Ормандарды молықтыру мен орман
өсiру және олардың сапасына
бақылау жасау қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Орман дақылдарының орындалған жұмыстарын
техникалық қабылдау актісі

      20 __ жылғы "____" ______________

      __________________________ құрамындағы комиссия _______________ орманшылығында орман дақылдарын құру бойынша орындалған жұмыстарға (айы, жылы) қабылдау жүргізді.

      Орман дақылдары жұмыстарын қабылдау кезінде мыналар анықталды:

      1. Жұмыстар ___ орамның ____ алаңында ______ гектар алқапта орындалған.

      2. Себу және отырғызу жұмыстарын жүргізу уақыты (басталуы және аяқталуы, кідіру себептері) ___________ бастап _________ жылға дейін.

      3. Орман дақылдарын құру тәсілі (отырғызу, себу – қатарлық, ұялы, тұқымдыларды орналастыру схемасы және тағыда басқа ___________.

      4. Жер дайындаудың уақыты мен тәсілі (ені, ұзындығы көрсетіліп жаппай, сүдігер жырту, ерте пар, қара пар: ішінара жолақтармен, атыздармен, алаңқайлармен) _____________

      5. Дайындалған жердің мөлшері (жер жырту тереңдігі, ластануы, кесек топырақтылығы) _______________________________________________.

      6. Отырғызу (жасы, стандарттылығы) саны, себу материалының сапасы, тегі, жиналған уақыты. Сапалылығы, сертификат №, күні, себу алдындағы өңдеу ______________.

      7. Жұмыстарды жүргізу (отырғызу машинасымен, Колесов семсерімен және тағыда басқа) _________________________________________________.

      8. Себу, отырғызу жұмыстарының сапасы (отырғызу тереңдігі, тамырлардың орналасуы, отырғызу тығыздығы, таңбалаудың түзулігі және тағыда басқа _______________.

      9. Топырақ құрылымын жақсарту және ылғал жинау жөніндегі іс-шаралар (гипс, тыңайтқыштар енгізу, қар тоқтату, себу алдында культиваторлау және тағыда басқа) ______.

      10. Жұмыс жобасынан ауытқу және оның себептері ________________

      11. Себу және отырғызу жұмыстарының дақылдардың сапасына әсер етуі мүмкін негізгі ақаулары (көлемі, сипаты) ______________________.

      12. Құны мен жұмыстар көрсетіліп жол берілген кемшіліктерді түзеу жөніндегі іс-шаралар _________________________________________.

      13. Дақылдардың күтіліп отырған өсімталдығы ескеріле отырып, орындалған жұмыстардың сапасын жалпы бағалау (жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)_________________________________________________.

      14. Жұмысты ___________________ орманшылығының ________________ орман дақылдары бригадасы орындады.

      15. Орман дақылдары жұмыстарын орындауға басшылық жасаған жауапты орындаушы __________________________________________________.

      Комиссия мүшелері: __________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы)

  Ормандарды молықтыру мен орман
өсiру және олардың сапасына
бақылау жасау қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Орман дақылдарын есепке алу кітабы

      _____________________________________________________________

      (орман иеленушінің, орманшылықтың атауы)

Р/с

Дақылдарды

өндіру

жылы және

маусымы

Учаскенің

орналасқан

жері

(орамның, телімнің №)

Алаңы,

гектар

Жер

дайындау

тәсілі

Орман дақылдарын

құру тәсілі

Отырғызу

Себу

1

2

3

4

5

6

7









Басты

тұқымды

Ілеспе

тұқымды

Араластыру

сызбасы

1 гектарға

орналастыру

сызбасы және

мөлшері

Тұқымдық және

отырғызу

материалының

сипаттамасы

8

9

10

11

12







Күтім

жасау

туралы

белгі

Орман дақылдарының орташа

өнімділігі, %

Орман дақылдарын толықтыру

туралы белгі, гектар

Өсудің бірінші

жылында

Өсудің үшінші

жылында

Түгендеу

материалдары

бойынша

талаптар

Нақты

орындалғаны

13

14

15

16

17







Орман дақылдарын

есептен шығару

туралы белгі,

гектар

Орман көмкерген жерге ауыстыру

туралы белгілер алаңы, гектар

Ескертпе

Есептен

шығарылды

Есептен

шығару

себептері

актының №,

күні,

алаңы, га

Учаскенің таксациялық

сипаттамасы (1 га

биіктігі, тұқымдық

құрамы, басты тұқым,

ағаштар саны)

18

19

20

21

22






  Ормандарды молықтыру мен орман
өсiру және олардың сапасына
бақылау жасау қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Тексеру нәтижелері туралы акт

      № _________________

      ____________________________________________________________________

      (акт жасалған орын)

      20 ____ жылғы "___" ______________ _______ сағат _____ мин.

      _____________________________________________________________________

      (уәкілетті органның атауы)

      _____________________________________________________________________

      (тексеру жүргізуге негіз болған тексеру тағайындау туралы актінің күні мен нөмірі)

      _____________________________________________________________________

      (тексеру жүргізген тұлғаның (тұлғалардың) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы

      _____________________________________________________________________

      (тексерілетін мемлекеттік орман иеленушінің атауы,

      _____________________________________________________________________

      тексеру жүргізу кезінде қатысқан лауазымды тұлға)

      Тексеру жүргізілген күн, орыны және кезеңі __________________________

      Тексеру нәтижелері туралы мәліметтер ________________________________

      (анықталған тәртіп бұзушылықтар және олардың сипаты)

      ____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Тексеру нәтижелері туралы актімен таныстым __________________________

      (тексеру жүргізу кезінде қатысқан

      _____________________________________________________________________

      мемлекеттік орман иеленушінің лауазымды тұлғасы)

      Қолы __________________________________________________________

      Қол қоюдан бас тартты _______________________________________________

      Тексеруді жүргізген лауазымды тұлғаның қолы _________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады