Байланыс формасы

Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-04/647 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 ақпанда № 10254 тіркелді.

      "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 30) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      ___________ Ә. Исекешев

      " " ________2014 жыл


      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрі

      _______________ Е. Досаев

      14 қаңтар 2015 жыл


  Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 16-04/647 бұйрығымен
бекітілген

Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының 30) тармақшасына, Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Кеден одағының кедендік шекарасында және Кеден одағының кедендік аумағында Ветеринариялық бақылауды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібі туралы ережеге және ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық санитариялық) талаптарға сәйкес әзірленген және тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру тәртібін анықтайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) асыл тұқымдық куәлік - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында қызмет атқаратын, асыл тұқымды зауыт, асыл тұқымды шаруашылық, асыл тұқымды орталық, асыл тұқымды жануарлардың тұқымын сату бойынша дестрибьюторлық орталық, асыл тұқымды репродуктор және мүйізді ірі қара малының тұқымдары бойынша республикалық палата беретін, асыл тұқымды өнімнің (материалдың) шығу тегін, өнімділігін және өзге де сапасын растайтын құжат;

      2) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы) – мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын ветеринария саласындағы уәкілетті органның комитеті;

      3) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (облыс, аудан, облыстық немесе республикалық маңызы бар қалалар, астана) орналасқан аумақтық бөлімшелер.

      3. Осы Қағидалардың қолданысы саны 2 бастан көп емес жеке пайдалануға арналған иттер мен мысықтардың экспорты, импорты және транзиті жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасына (-нан, арқылы) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортын, импортын, транзитін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оны орынбасарлары рұқсат береді.

      5. Шеттен әкелу/шетке шығару рұқсатында анықталған көлемде, экспортқа және импортқа рұқсаттың әрекет ету мерзімі, бір күнтізбелік жыл құрайды. Транзиттік рұқсаттың әрекет ету мерзімі берілген күнінен бастап 60 (алпыс) күнтізбелік күннен артық емес.

2. Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын)
объектілердің экспорты мен импортына рұқсатты беру тәртібі

      6. Заңды және (немесе) жеке тұлғалар орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат алу үшін орын ауыстырудың болжамды басталатын уақытына дейін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) экспорт кезінде – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан (орналасқан) жері бойынша, импорт кезінде – шеттен әкелу орны бойынша не "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазбаша өтініш ұсынады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.01.2018 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Асыл тұқымды жануарларды және асыл тұқымды өнімді (материалды) импорттау кезінде экспорттаушы елдің ресми органы берген, жануар мен асыл тұқымдық өнімнің (материалдың) әр басына арналған асыл тұқымдық куәліктің немесе оған баламалы құжаттың көшірмесі өтінішке қоса беріледі (ақпараттық жүйеде жоқ болған жағдайда).

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7-1. Рұқсат алуға мыналар:

      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауға:

      орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің шыққан (орналасқан) жерінің жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша салауаттылығы;

      импорттаушы елдің ветеринариялық-санитариялық талаптарына сәйкес келуі;

      импорттаушы-тараптың орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектігіне қатысты уақытша ветеринариялық-санитариялық шараларының болмауы;

      2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға:

      Халықаралық эпизоотиялық бюро Кодексінің стандарттарына, ұсыныстары мен басшылығына, Дүниежүзілік сауда ұйымының санитариялық және фитосанитариялық шараларды қолдану бойынша келісіміне сәйкес жануарлардың инфекциялық аурулары бойынша қолайсыздыққа байланысты жекелеген елдерге (елдер өңірлеріне) қатысты дәлеледенген, соның ішінде үшінші елдің құзыретті органдарымен байланысын қоса алғандағы шектеу шараларының болмауы;

      Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына үшінші елдерден бақылауға жататын тауарларды әкелу үшін Бірыңғай ветеринариялық сертификаттар нысанынан ерекшеленетін екі жақты ветеринариялық сертификаттарға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың құқықтық актілерімен бекітілген ветеринариялық-санитариялық талаптарға, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына немесе ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігі ондай болған жағдайда;

      "Кеден одағында ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес қолданылатын реттеу шараларына сәйкес "Кеден одағындағы ветеринариялық бақылау (қадағалау) саласындағы мәселелер туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 17 тамыздағы № 342 шешімімен бекітілген кеден одағының кедендік аумағына әкелетін бақылауға жататын тауарларды өндіруді, өңдеуді және (немесе) сақтауды жүзеге асыратын Ұйымдар мен адамдардың тізілімінде (бұдан әрі – ұйымдар мен адамдардың тізілімі) ұйымның немесе адамның болмауы (егер Кеден одағының ережелерімен талап етілсе);

      өтініште көрсетілген жеке экспорттаушы-кәсіпорынға (экспорттаушы-кәсіпорындардың тобы) қатысты уақытша шектеулердің болмауы;

      бақылауға жататын тауарлардың әкелуіне жоспарланған жері немесе жүру бағыты өтетін аумақ арқылы Қазақстан Республикасының аумағына шектеу шараларының, карантиннің болмауы негіз болып табылады (егер шектеу шаралары, карантин қойылған тиісті бақылауға жататын тауарлар, аурулардың таратушысы (тасымалдаушысы) болған жағдайда).

      "Кеден одағында ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы" Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Бірыңғай ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес болмағанда;

      Ескерту. 2-тарау 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.06.2016 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесі Мемлекеттік корпорациядан немесе портал арқылы жазбаша өтінімді алғаннан кейін импорттаушы елдің ветеринариялық талаптарын, объектінің сипаттамасын, тиісті аумақтағы (ауылдағы, аудандағы, қаладағы) эпизоотиялық жағдайды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің өтініште көрсетілген түрін экспорттау немесе импорттау мүмкіндігін қарастырады және осы Қағидалардға2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды тіркеу журналында (бұдан әрі – журнал) өтінішті тіркейді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.01.2018 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесінің бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасары өтінішті және қоса берілген құжаттарды қарағаннан кейін мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) уәкілетті органның ведомствосына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауға, импорттауға рұқсат алуға сұраным жолдайды;

      2) осы Қағидалардың 10 және 11-тармақтарында көрсетілген негіздер бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауға, импорттауға рұқсат беруден жазбаша түрде уәжді бас тартады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауға рұқсат беруден бас тартуға мыналар:

      1) өтініш беруші рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) экспортқа рұқсат алу үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) өтініш берушіге қатысты рұқсат алуды талап ететін қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде өтініш беруші рұқсатты алумен байланысты арнайы құқықтан айырылуы негіздеме болып табылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.06.2016 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні импорттауға рұқсат беруден бас тартуға мыналар:

      1) өтініш беруші рұқсатты алу үшін ұсынған құжаттарының және/немесе оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;

      2) импортқа рұқсат алу үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) өтініш берушіге қатысты рұқсат алуын талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;

      4) өтініш берушіге қатысты заңды күшіне енген сот шешімі болуы, оның негізінде өтініш беруші рұқсат алумен байланысты арнайы құқықтан айырылуы негіздеме болып табылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.06.2016 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі өтінішті қарайды және өтініш қабылданған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ведомствосына сұраным жолдайды.

      Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі көрсетілген мерзімде өтінішті әрі қарай қараудан бас тарту туралы уәжді жауап береді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.06.2017 № 235 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Уәкілетті органның ведомствосы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттау (импорттау) туралы өтінімді түскен күні, тіркеу журналына тіркейді, өтінімде бар мәліметтерді қарайды, талдайды және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына немесе оның орынбасарларына шешім қабылдау үшін енгізеді.

      14. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін келесі шешімдердің бірін қабылайды:

      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы, оның көлемі мен жүру бағыты, сондай-ақ, заңды тұлғаларға – өндіріс объектісінің атауы, мекен-жайы мен есептік нөмірі, жеке тұлғаларға – орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асырумен айналысатын тұлғалардың аты-жөні, тұратын мекен-жайы көрсетілумен телетайпограмма арқылы ветеринариялық бақылауға (қадағалау) жататын тауарларға ұсынылатын Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптар бойынша қолданылатын реттеу шараларына сәйкес, Бірыңғай реестрде ұйым немесе тұлға бар болған жағдайда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына рұқсат береді;

      2) осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген негіздер бойынша, рұқсат бере алмау себептерін көрсете отырып, дәлелді түрде бас тартады.

      15. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарларының орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттауға, импорттауға рұқсат беруден бас тартуына мыналар негіз болып табылады:

      экспорттаушы елде, импорттаушы елде жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотиялық жағдайдың өзгеруі;

      арызда көрсетілген, экспорттаушы кәсіпорындарға (экспорттаушы кәсіпорындар тобына) қатысты уақытша шектеу шараларының енгізілуі.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 16.09.2015 № 7-1/822 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді (30 жұмыс күніне дейін) және тірі жануарлардың карантиннен өтуін (60 күнтізбелік күнге дейін) талап ететін рұқсаттарды қоспағанда, өтінімдердің қарастырылу және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортқа, экспортқа рұқсат беру немесе рұқсат беруден дәлелді бас тартуға тиісті өтінімдердің түскен күннен бастап мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен артық емес.

      Уәкілетті органның ведомствосы:

      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспортына, импортына рұқсат беру туралы – уәкілетті орган ведомствосының өтініш жіберген тиісті аумақтық бөлімшесіне, ветеринариялық сертификатта көрсетілген экспорт, импорт және тарнзитке рұқсат нөмірін салыстыру үшін ветеринариялық бақылау қосынына;

      2) рұқсат беруден бас тарту туралы - уәкілетті орган ведомствосының өтініш жіберген тиісті аумақтық бөлімшесіне хабарлайды.

      17. Осы Қағидалардың 16-тармағында белгіленген мерзімдерде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің импортына, экспортына, транзитіне рұқсат берілмеген немесе рұқсат беруден уәжді бас тартылмаған жағдайда, рұқсат берілді деп саналады және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары 2 (екі) жұмыс күні ішінде рұқсат береді.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.01.2018 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесі экспортқа, импортқа арналған рұқсат нөмірін ол келіп түскен күні журналға тіркейді және оны күнін көрсете отырып, ветеринариялық сертификатқа түсіреді, сондай-ақ келіп түскен экспортқа, импортқа арналған рұқсатты немесе уәжді бас тартуды Мемлекеттік корпорацияға немесе порталға жібереді.

      Экспортқа, импортқа электрондық түрде берілген рұқсат "Кедендік одақта тасымалданатын өнімдердің ветеринариялық қауіпсіздігі" веб-порталы арқылы Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасына жіберіледі.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.01.2018 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді экспорттауға, импорттауға рұқсаттың әрекет ету мерзімінің ішінде, оны мынадай жағдайда кері қайтарады:

      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттаушы, импорттаушы, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу (соның ішінде жалған ветеринариялық сертификаттарды ұсынғанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің ұсынылған құжаттарға сәйкес келмеуін анықтағанда) фактілерінің анықталған жағдайда;

      2) жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша экспорттаушы елдің, импорттаушы елдің эпизоотиялық жағдайының өзгерген жағдайда.

3. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді транзиттеуге рұқсат беру тәртібі

      20. Жануарлар мен жануарлар текті өнімдерді Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы транзиттеу кезінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының өткізу пункті арқылы өту жоспарланған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет берген транзиттеуге рұқсат арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің басқа түрлерін транзиттеу уәкілетті органдардың рұқсатынсыз жүзеге асырылады.

      Үшінші мемлекеттер арқылы (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің шегінен тыс) транзиттеуге рұқсат алуды бақылауға жататын тауар иесі алдын ала жүзеге асырады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 24.06.2016 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді транзиттеуге рұқсатты ресімдеу уәкілетті органның ведомствосына, импорттаушы елдің немесе экспорттаушы елдің ветеринария саласындағы уәкілетті органының мыналарды көрсете отырып, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитке рұқсат беру туралы жазбаша өтінімінің негізінде:

      1) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыратын заңды тұлғаларға: өндіріс объектісінің атауы, мекен-жайы және ведомство берген есептік нөмірі, жеке тұлғаларға - тегі, аты, әкесінің аты, мекен-жайы және есептік нөмірі;

      2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы;

      3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің саны және оның өлшем бірлігі;

      4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің экспорттаушы немесе импорттаушы елі және шыққан елі;

      5) көлік түрі;

      6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы шеттен әкелу мен шетке шығару жүзеге асырылатын, өткізу бекеттерінің тізімі;

      7) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары келіскен, олардың аумағы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің транзиті жүзеге асырылатын, жануарларды тасымалдау бағыты, аялдамалары, қайта тиеу, азықтандыру (суару) орындары, тасу (айдау) жағдайлары көрсетіле отырып жүзеге асырылады.

      22. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні транзиттік тасымалдауға басқа мемлекеттердің қызметтерімен транзиттік келісуді (30 жұмыс күніне дейін) және тірі жануарлардың карантиннен өтуін (60 күнтізбелік күнге дейін) талап ететін рұқсаттарды қоспағанда, өтінімдерді қарастыру және орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді транзиттеуге рұқсат беру немесе рұқсат беруден дәлелді бас тартуға тиісті өтінімдердің түскен күнінен бастап мерзімі 5 (бес) жұмыс күнінен артық емес.

      23. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарларының орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің транзитіне рұқсат беруден бас тартуына мыналар негіз болып табылады:

      1) осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген, ақпараттардың болмауы;

      2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан жеріндегі (орнындағы) және/немесе тасу жолындағы, Халықаралық эпизоотиялық бюроның Кодексімен белгіленген және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 "Ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекттік тіркеу Реестрінде № 9891 болып тіркелеген) бұйрығымен бекітілген профилактикасы, диагностикасы және жоюы республикалық бюджеттің есесбінен атқарылатын жануаралардың аса қауіпті ауруларының Тізбесіне кіретін жанаурлардың жұқпалы аурулары бойынша қолайсыз эпизоотиялық жағдай.

      3) тағайындалған елдегі орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге қойылған шектеу.

4. Шағымдану тәртібі

      24. Осы Қағидадларда белгіленген тәртіптер бұзылған жағдайда, өтінуші, ветеринария саласындағы уәкілетті орган ведомствосының басшысына жазбаша түрде шағым жолдай алады.

      Қабылданған шағым "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қаралады және тіркеледі.

      Шағымды қарау нәтижелері туралы өтінушіге жазбаша түрде хабарланады.

      25. Рұқсат беру нәтижесімен келіспеген жағдайда немесе рұқсат беруден дәлелді бас тартқан жағдайда, өтініш берушінің сотқа шағымдануға құқығы бар.

  Тиісті аумақтағы эпизоотиялық
жағдайды бағалауды ескере
отырып, орны ауыстырылатын
(тасымалданатын)
обьектілердің экспортына,
импортына және транзитіне
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Кімге:______________________
(көрсетілетін қызметті беруші)
Кімнен:_____________________
(заңды тұлғалар үшін: толық
атауы, орналасқан жері,
ведомство берген өндіріс
объектісінің есепке алу нөмірі
(коды), заңды тұлғаны
мемлекеттік тіркеу (қайта
тіркеу) нөмiрi және күнi,
сәйкестендіру нөмiрi / жеке
тұлғалар үшін: жеке тұлғаның
тегі, аты, әкесінің аты (бар
болған жағдайда), есепке алу
нөмірі (коды), сәйкестендіру
нөмірі, дара кәсіпкер ретінде
қызметінің басталғаны туралы
хабарлама, тіркелген күні, телефонның,
факстың, ұялы байланыстың
абоненттік нөмірі және (немесе)
электрондық мекенжайы
(егер бұлар бар болса))

Өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.01.2018 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Сізден ___________________________________________ рұқсат беруіңізді сұраймын. (экспортқа/импортқа (керегін көрсету қажет)

1.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің саны, оның өлшем бірлігі

2.

Экспорттаушы ел (импорттаушы ел)

3

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан жері, мекенжайы

4.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні экспорттау, импорттау кезінде пайдалану болжанатын көлік түрі

5.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні алып өту көзделетін мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін көрсете отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің жол жүру бағдары

6.

Экспорттың, импорттың мақсаттары (тірі жануарлар үшін – көбейту және күтіп-бағу, сату, етке сою; өнімдер үшін – өткізу, қайта өңдеу; азықпен азықтық қоспалар үшін – оларды жейтін жануарлардың түрі)

7.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні сақтауды (өңдеуді, өткізуді) жүзеге асыратын өндіріс объектісінің атауын және есепке алу нөмірін көрсете отырып, Кеденодағының (импорттау кезінде), үшінші елдердің (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттер) (экспорттау кезінде) кедендік аумағындағы межелі пункт

8.

Жойылып кету қаупітөнген және Жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлеріменхалықаралық сауда туралы конвенция (бұдан әрі – СИТЕС) қолданылатын тірі жануарларды, аңшылық олжаларын немесе олардың оңай танылатын бөліктері немесе құжаттары, орамажапсырмасы немесе таңбасы немесе басқа белгілері бойынша жануарлардың бөліктері немесе туындылары (дериваты) болатын немесе бола алатын туындыларын (дериваттарын) әкеткен жағдайда, СИТЕС қолданылатын жануарлар түрлерін Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге немесе Қазақстан Республикасы аумағынан әкетуге арналған рұқсаттардың берілген күндері және нөмірлері

9.

Ветеринариялық препараттардың, азықтық қоспалардың шыққан елін және олардың тіркеу куәліктерінің нөмірін (тіркеу, қайта тіркеукүні) көрсете отырып, өндіруші ұйымдардың ветеринариялық препараттарын, азық және азықтық қоспаларын экспорттау кезінде

10.

Асылтұқымды жануарларды және асылтұқымдық өнімді (материалды) импорттау кезінде экспорттаушы елдің ресми органы жануардың әрбасына берген асылтұқымдық куәліктің немесе оған баламақұжаттың нөмірі және күні

11.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің сипаттамасы

12.

Объектінің орналасқан жері (мекенжайы)

13.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні карантинге қою, өндіру, сақтау талаптары

14.

"Кеденодағында ветеринариялық-санитариялық шаралардықолдану туралы"Кеденодағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардан ерекшеленетін талаптар бойынша Қазақстан Республикасына үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттер) әкелінген орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге шығарылуын болдырмауға келісуді растаймын

15.

Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісемін. Мәліметтердің дұрыстығын растаймын

      ____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы, күні)

  Тиісті аумақтағы эпизоотиялық
жағдайды бағалауды ескере отырып,
орны ауыстырылатын (тасымалданатын)
обьектілердің экспортына, импортына
және транзитіне рұқсат беру
қағидаларына 2-қосымша

      Нысан

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні тасымалдауды тіркеу журналы

Өңір

Операцияның түрі

Жүкті жөнелтуші

Жүкті қабылдаушы

Көлік түрі

Шығару мақсаты

Мәртебесі

Рұқсаттың нөмірі және күні

Өтінішті (сұраныст)і тіркеу күні

Өнімнің атауы












  Тиісті аумақтағы эпизоотиялық
жағдайды бағалауды ескере отырып,
орны ауыстырылатын (тасымалданатын)
обьектілердің экспортына, импортына
және транзитіне рұқсат беру
қағидаларына 3-қосымша

      Нысан

Уәкілетті органның ведомствосына орны ауыстырылатын
(тасымалданатын) обьектінің экспортына, импортына және
транзитіне рұқсат беру туралы сұраныс

      Қазақстан Республикасының

      Бас мемлекеттік

      ветеринариялық-санитариялық

      инспекторына

      Қазақстан Республикасының

      Бас мемлекеттік

      ветеринариялық-санитариялық

      инспекторының орынбасарына

      20 ____ ж. "___" ______________№______ сұраныс

      Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің _____________

      ________________________________________________ аумақтық инспекциясы

      (облыс, қала)

      экспортқа, импортқа, транзитке рұқсат беруді сұрайды (керегінің астын сызу)

1.

Жүк қабылдаушы (атауы, мекен-жайы, мемлекеті)


2.

Жүк жөнелтуші (атауы, мекен-жайы, мемлекеті)


3.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің атауы


4.

Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектінің шыққан елі


5.

Өндіруші кәсіпорынның атауы (балық және балық өнімдерінің, теңіз өнімдерінің, ет және ет өнімдерінің экспорты, импорты кезінде)


6.

Көлік түрі (автомобиль, теміржол, әуе, су, пошта)


7.

Тасымалдау маршруты (мемлекеттердің атауын көрсете отырып, Кеден одағына мүше мемлекеттердің және транзиттік мемлекеттердің Мемлекеттік шекараларының өткізу пункттері кесінінде)


8.

Мемлекеттік шекарадағы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіні өткізу болжанған өткізу пункттері


9.

Мақсаты мен арналуы (өткізу, қайта өңдеу, өндіру, жеке пайдалану)


10.

Сақтау қоймаларының мекен-жайы, көлемі және жеткізу пунктіндегі иесінің атауы


11.

Транзитке рұқсат № (бар болса), күні


12.

СИТЕС-тің рұқсат № (егер орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объект СИТЕС ықпалына түсетін болса), күні


13.

Нақты орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектіге импорттаушы ел талаптарының толық көлемде орындалуына кепілдік беретін ветеринариялық сертификаттың болуы



      Бас мемлекеттік

      ветеринариялық-санитариялық

      инспекторы (облыстың, ауданның,

      облыстық немесе республикалық

      маңызы бар қаланың, астананың) ________________________ Т.А.Ә.

      (қолы)

      МО

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады