"Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру Қағидалары туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 17-8 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облыстық мәслихатының 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 29-8 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 қазанда № 2348 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 40-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды – Жамбыл облыстық мәслихатының 12.11.2019 № 40-3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағы 12-2) тармақшасына және "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8 бабының 3 тармағына сәйкес Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру Қағидалары туралы" Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 17-8 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2032 болып тіркелген, 2013 жылғы 05 қарашасында № 140 (17828) "Ақ жол" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы атағын беру Қағидаларының 3 тармағындағы:

      "Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы ерекше сіңірген еңбегінің белгісі ретінде, өмірбаяны Жамбыл облысымен (қаласымен, ауданымен) 10 жылдан кем емес байланысты, келесі талаптардың біріне сәйкес келетін азаматтарға беріледі:" сөздерін "Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы ерекше сіңірген еңбегінің белгісі ретінде, жалпы өмірбаяны республикамен, облыспен (қаламен, ауданмен) 10 жылдан кем емес байланысты келесі талаптарға сәйкес келетін азаматтарға беріледі:" сөздерімен ауыстыру;

      7 тармағындағы:

      "Атақ беру жылына бір рет жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орайластырылып беріледі. Атақ беру жылына облыс деңгейінде үштен аспайтын, Тараз қаласы деңгейінде бестен аспайтын, аудан деңгейінде бестен аспайтын азаматтарға берілуі тиіс" сөздерін "Атақ беру жылына облыстық деңгейде бесеуден асырмай, Тараз қаласы деңгейінде бесеуден асырмай, аудандық деңгейде жылына бес азаматтан асырмай берілуі мүмкін." сөздерімен ауыстырылсын;

      7.1) "Жамбыл облысының құрылғанына 75 жыл толуына және Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына орай бір рет "Жамбыл облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағы облыс, аудан және Тараз қаласы деңгейінде оннан аспайтын азаматқа берілуі мүмкін" деген тармақшасымен толықтырылсын.

      13 тармағы алып тасталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс және әйелдер істері мен отбасы-демографиялық саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың Облыстық мәслихаттың
      сессия төрағасы хатшысы
      Қ. Терлікбаев Б. Қарашолақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады