"Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 337 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 қыркүйекте № 2307 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әбдікерім Құлтайұлы Уркумбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі                                Б. Құлекеев

Жуалы ауданы әкімдігінің
2014 жылғы «28» шілдегі
№ 337 қаулысымен бекітілген

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің экономика
және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) бюджетті жоспарлауды, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын ведомствоаралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асыру, оның басымдықтарын тиімді іске асыруға ықпал ету, бағаланатын жергілікті атқарушы органдардың қызметін тиімділігін жалпы бағалау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Бөлімнің ведомствалары жоқ.
      3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанадағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары болады.
      5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Бөлімге егер заңнамаға сәйкес осыған уәкіләттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртәппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделген шешімдер қабылдайды.
      8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 080300, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, Еркінбек Сауранбекұлы көшесі, 2.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
      13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері.

      14. Бөлімнің миссиясы:
      бюджеттік жоспарлау, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу мен іске асыруда ведомствоаралық және салааралық үйлестіру, өңірлік саясатты жүзеге асыру бойынша жұмыстарды үйлестіру.
      15. Міндеттері:
      1) Жуалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын қалыптастыру, мемлекеттік басқару жүйесінің құжаттарын әзірлеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына мониторинг жүргізу және бағалау;
      2) Жоспарлы кезеңге аудан бюджетін әзірлеу және қалыптастыру;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағаланатын жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін бағалау.
      4) Өңірлк саясатты жүзеге асыру бойынша жұмыстарды үйлестіру.
      16. Функциялары:
      1) Жылсайын жылжымалы негізінде бес жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және үш жылға арналған бюджет өлшемдерін әзірлеу және бекіту;
      2) Жуалы ауданның бес жылға арналған даму бағдарламасын әзірлеу және бекіту;
      3) Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асыру мониторингін қамтамасыз ету;
      4) Әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің мониторингі;
      5) Ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг және талдау жүргізу;
      6) Тіректі ауылдық елді мекендердің, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті жоғары, орташа, төмен ауылдық елді мекендердің тізбесін анықтау, сондай-ақ тректі ауылдық елді-мекендерді, аудандар орталықтарын дамытудың кешенді жоспарын және селолық округтердің орталық қоныстарын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу бойынша жұмыстарды үйлестіру.
      7) Бағалауға жататын жергілікті атқарушы органдардың қадағалайтын салаларындағы стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігіне бағалау жүргізу.
      8) Бағалауға уәкілетті атөарушы органдар ұсынған қорытындалардың негізінде бағаланатын жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін жалпы бағалау;
      9) Жергілікті бюджеттен қаржыландыратын жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік өтінімдерін қарау, бағалау және олар бойынша қорытындылар дайындау.
      10) Аудандық бюджет жобасын әзірлеу және оны мәслихатқа бекітуге ұсыну;
      11) Жоғарғы органдарға мемлекеттік қаражаттар есебінен жүзеге асырылатын даму бюджеті және жергілікті бюджет қаражаттарының бағыттары туралы мәліметтер әзірлеу және ұсыну;
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      Құқықтары:
      1) Өз құзыры шегінде мемлекеттік органдарға, қоғамдық және басқада мекемелерге, бұқаралық ақпарат құралдарына ақпараттық-талдау құжаттарын дайындауға және ұсынуға;
      2) Өз құзыры шегінде нормативтік және құқықтық актілерді әзірлеуге;
      3) Өз құзыры шегінде жергілікті атқарушы органдардан, кәсіпорындардан, ұйымдардан және басқада мекемелерден ақпараттар мен құжаттарға ресми сұрау салуға және оларды алуға;
      4) Жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен тәуелсіз сарапшыларды мониторинг объектілерін және ақпаратқа жасалған талдауды тікелей тексеру, сараптаманы өткізу және кеңес берулері үшін тартуға;
      5) Өз құзыры шегінде конкурстар өткізудің бірегей ұйымдастырушысы анықталған жағдайда жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мекемелерден ашық конкурстарды өткізу үшін ақпараттар мен құжаттарға (тапсырысқа, сатып алу жоспарына және тағы басқа) ресми сұрау салуға;
      Мінтеттері:
      1) Жуалы ауданы әкімдігіне, Жуалы ауданын дамытудың негізгі бағыттары жөнінде ұсынысты енгізу;
      2) Бөлім осы Ережеде бекітілген қызмет мақсатына және мәніне сәйкес келмейтін қызметпен өкілетті органың рұқсатымен ғана жүзеге асыра алады;
      4) Бөлім өз функциясына сәйкес келмейтін келісімдер меншік иесінің немесе өкілетті органның талап етуі бойынша, заңнамада анықталған тәртіпке сай заңсыз деп танылуы мүмкін.

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

      18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Бөлімнің бірінші басшысын Ауданның әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады:
      20. Бөлімнің бірінші басшысын орынбасарлары жоқ
      21. Бөлімнің бірінші басшысынның өкілеттігі:
      1) бөлім атынан сенім хатсыз әрекет етеді;
      2) барлық органдарда бөлімнің мүддесін қорғайды;
      3) бөлімнің мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;
      4) банкіде есепшоттар ашады, мәмілелер жасайды;
      5) барлық қызметкерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
      6) бөлімнің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
      7) қызметкерлерді марапаттау және оларға шара қолдануды анықтайды;
      8) Бөлімнің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
      9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктейді.
      Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Бөлімнің мүлкі

      22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады.
      23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады