"Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Жуалы аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 392 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 2 қазанда № 2330 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жуалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Әбдікерім Құлтайұлы Уркумбаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Құлекеев

  Жуалы ауданы әкімдігінің
2014 жылғы "25" тамыздағы
№ 392 қаулысымен бекітілген

"Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер

      1. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ
      3. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтары және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: пошталық индексі 080300, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б. Момышұлы ауылы, Рысбек батыр көшесі, 56/3.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      Жуалы ауданы аумағындағы жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыру.
      15. Міндеттері:
      1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      2) ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      3) жер қойнауын пайдаланудың мемлекеттік геологиялық зерттеуге және барлауға байланысты мақсаттары үшін жер учаскелерін беру жөніндегі аудандық атқарушы органның ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
      4) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
      5) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
      6) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
      7) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
      8) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
      9) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жер балансын жасау;
      10) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
      16. Функциялары:
      1) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
      2) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      3) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
      4) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      Құқықтары:
      1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан жерді нысаналы мақсатына және жер учаскелерін есепке алу мәселелері жөнінде қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
      2) ауылдық (селолық) округтері әкімдерінің жер заңнамаларына қайшы келетін шешімдерін тоқтату туралы ұсыныс енгізуге;
      3) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізуге құқылы.
      4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
      Міндеттері:
      1) жер учаскесін сатып алу шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
      2) Облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
      3) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
      4) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерлерді, осы бұзушылықтар бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдарына ақпарат бере отырып, анықтау;
      5) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау жатады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшылықты "Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттері мен функциялары орындалуын дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Жуалы ауданы әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
      21. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекеттер жүргізеді;
      2) мекеменің мүдделерін барлық органдарда өкілдік етеді;
      3) Заңдарда көзделген жағдайлар мен шеңберінде мүлікке билік етеді;
      4) шарттар жасайды;
      5) сенім хаттар береді;
      6) мекеменің іс-сапарлар, тағылымдамалар, Қазақстан және шет ел оқу орталықтарында қызметкерлерін оқыту және біліктілігін арттырудың басқа түрлері туралы тәртібі мен жоспарлар бекітеді;
      7) банктерде шоттар ашады;
      8) қызметкерлеріне міндетті болып табылатын бұйрықтар қабылдайды, нұсқаулар береді;
      9) уәкілетті органдармен тағайындалатындарды қоспағанда, мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдап, шығарады;
      10) мекеменің барлық қызметкерлерін марапаттайды, тәртіптік жауапкершілікке тартады;
      "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз қызметкерлеріне өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      23. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады.
      25. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      27. "Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады