"Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 27 маусымдағы №355 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 тамызда № 2291 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 419 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімдігінің 15.12.2016 № 419 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Д. Әбдіқасымовқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы Қ. Иманалиев

  Қордай ауданы әкімдігінің
2014 жылғы "27" маусымдағы
№ 355 қаулысына қосымша

"Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, аудандық бюджеттің толық, уақытылы атқарылуын қамтамасыз ету және аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді тиімді басқару және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Жамбыл облысы Қордай ауданының әкімдігі болып табылады.
      3. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген актілермен рәсімделетін бұйрықтар қабылдайды.
      8. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның мекен-жайы: индексі: 080400, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы, Төле би көшесі, 53 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде - "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
      орыс тілінде- коммунальное государственное учреждение "Отдел финансов акимата Кордайского района Жамбылской области".
      11. Осы Ереже "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      12. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      13. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы:
      Аудан бюджетін толық, уақытылы атқарылуын қамтамасыз ету және аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді тиімді басқару.
      15. Міндеттері:
      - аудандық бюджеттің атқарылуы бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;
      - аудандық бюджеттің түсімдері мен қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасайды, бекітеді және оған өзгерістер енгізеді;
      - аудандық бюджеттің қаражат есебінен бюджеттік кредиттердің берілуін, қызмет көрсетілуін, оларды есепке алуды, мониторингі мен қайтарылуын қамтамасыз етеді;
      - аудандық бюджеттің атқарылуына мониторинг жүргізеді;
      - аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептілікті жасайды;
      -аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі жиынтық есептілікті жасайды;
      - аудандық бюджеттің атқарылуы жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
      - аудандық коммуналдық меншікті басқару және жекешелендіру жүйесін ұйымдастырады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
      - аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру жоспарының құрылуы және бекітілу дұрыстығына бақылауды қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
      16. Функциялары:
      тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы аудандық мәслихат шешімінің жобаларын әзірлеуге, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, сондай-ақ, тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы аудандық мәслихаттың шешімін іске асыру туралы аудандық әкімдік қаулысының жобасын әзірлеуге қатысады;
      ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының жоспарларын әзірлеуге қатысады;
      бюджет түсімдерін болжауға және аудан бюджетіне кірістер түсу саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын анықтауға қатысуды;
      қарызға алу арқылы ақша тарту үдерісін ұйымдастыруды;
      аудандық бюджеттің және аудан бюджетінің атқарылуы туралы есептерді бюджеттік заңнамаларда белгіленген формада және мерзімде құруды және ұсынуды;
      аудан әкімдігіне аудандық бюджеттің атқарылуы туралы бюджеттің уақытылы және тиімсіз атқарылуының себептерін көрсете отырып және аудандық бюджеттің бұдан былайғы атқарылуы бойынша әдістемелер жөніндегі ұсыныстармен бірге мәлімет ұсынуды;
      заңнама қолдану практикасын талдау, оны жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындау, өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуді және дайындауды (немесе қабылдауды);
      аудандық мүлікті мақсатты және тиімді пайдалануына бақылау жүргізуді;
      аудандық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады;
      аудандық коммуналдық кәсіпорындардың таза кірістерінің акционерлік қоғамдық акцияларының мемлекеттік пакеттеріне дивидендтердің және аудандық коммуналдық меншікте мемлекеттің қатысу үлестері бар заңды тұлғалардың қатысу үлестеріне кірістердің дұрыстығын бақылайды;
      аудандық коммуналдық мүлікті аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіп береді;
      аудандық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешім қабылдайды;
      аудандық коммуналдық мүліктің есепке алуын ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
      аудандық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісінің сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен меншігіне өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлікпен басқаруға беруді ұйымдастырады;
      сенімгерлікпен басқарушының аудандық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелер орындауын, жалға беру (жалдау) мүліктің шарттары жағдайларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      өзіне осы Ережеде және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасында жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының заңнамаларының негізінде аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалайды.
      17. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      - мемлекеттік органдардан, жергілікті атқару органдардан өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан мекемеге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
      - коммуналдық меншікте тұрған акционерлік қоғамдағы мемлекеттік үлеске және коммуналдық басқа да мүлікке йелік етуге, пайдалануға, сондай-ақ, заңнамалық актілерде және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген жағдайларда билік етуге;
      - бөлімнің қармағындағы мемлекеттік кәсіпорындарға мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыруға;
      - жергілікті атқарушы органдардан ауданның бекітілген бюджеті туралы жиынтық деректер мен олардың атқарылуы туралы ай сайынғы есептерді, сондай-ақ аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерден шығыстар-сметаларының атқарылуы туралы ай сайынғы есептерді алуға;
      - жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамалары талаптарының бұзылуы себептеріне баға беруге, сондай-ақ, бекітілген бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) тиімділігі мен орындалғанына баға беруге;
      - өз құзыретінің шегінде ведомстволық бағынысты заңды тұлғалар орындауға міндетті нормативтік- құқықтық актілер шығаруға;
      - бөлім осы Ережеде бекітілген қызметтердің мақсатында, міндетіне және әрекетіне сәйкес келмейтін жұмыстарымен, меншік иесі тағайындаған уәкілетті органның рұқсатымен ғана айналыса алады;
      -бөлімнің функциясына сәйкес келмейтін келісімдер меншік иесінің немесе уәкілетті органның талап ету бойынша, заңнамада анықталған тәртіпке сай заңсыз деп танылуы мүмкін;
      -егер, бөлімге заң актілерінде кірістер акелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жолданады.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      18. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне басшылықты, жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты бірінші басшы, яғни бөлім басшысы жүзеге асырады.
      19. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
      -бөлім басшысы дара басшылық принципімен әрекет етеді және мекеме қызметіне байланысты барлық мәселені уәкілетті орган берген құзыретінің шегінде және осы Ережеге сәйкес дербес түрде шешеді;
      - "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      -барлық органдарда "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүддесін қорғайды;
      - "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкіне қожалық етеді, келісім жасайды, сенімхаттар береді;
      -банкте есепшоттар ашады, іс бойынша келісім жасайды;
      -барлық қызметкерлерге міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады және тапсырмалар береді;
      - "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      - қызметкерлерді марапаттау және оларға шара қолдануды анықтайды;
      - "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық фактілері жіберілсе, сол үшін бөлім басшысының дербес жауаптылығы белгіленеді;
      - "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
      23. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін бөлім басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      24. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      25 ."Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      26. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      27. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тартуды уәкілеттік орган жүзеге асырады.
      28. Несие берушілердің талаптарын қанағаттандырудан кейін қалған таратылған бөлімнің мүлкін уәкілетті орган қайта бөледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады