Мойынқұм ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 қарашадағы № 29-8 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қарашада № 2382 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы мәслихатының 2016 жылғы 22 ақпандағы № 43-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы мәслихатының 22.02.2016 № 43-3 шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Мойынқұм ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың ауданның әлеуметтік дамуы, білім, мәдениет, тілдерді дамыту, халықтың денсаулығын сақтау, адам құқықтарын қорғау, халықтың аз қамтамасыз етілген бөлігін, мүгедектерді қорғау, жастар, отбасы және әйелдер ісі мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат сессиясының
      Төрағасы М. Сейдалиев
      Аудандық мәслихат хатшысы Ш. Исабеков

  Мойынқұм аудандық
мәслихатының
2014 жылғы 17 қарашадағы
№ 29-8 шешіміне қосымша

Мойынқұм ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындарының тізбесі


Елді мекендер атауы
Орыны
1
Мойынқұм ауылы
Ә.Көшенов көшесі, "Жастар" саябағы
2
Бірлік ауылы
О.Исабеков көшесі, орталық стадион
3
Мыңарал ауылы
Р.Садықов көшесі, ауылдық мәдениет үйі алды
4
Ақбақай ауылы
Ж.Қуанышбаев көшесі орталық алаң
5
Шығанақ ауылы
С.Сейфуллин көшесі, Темір жол бекетінің алаңы

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады