Т.Рысқұлов ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 қарашадағы № 28-11 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 25 желтоқсанда № 2444 болып тіркелді.Күші жойылды-Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 22.02.2016 жылы № 42-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 22.02.2016 №42-6 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
       Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Т. Рысқұлов ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
       Осы шешімнің орындалуын бақылау мәслихатының Экономика, қаржы, бюджет және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
       Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы хатшысы
      А. Кораласбаев Б. Шамаев

  Т. Рысқұлов аудандық
мәслихатының
2014 жылғы 20 қарашадағы
№ 28-11 шешіміне қосымша

Т. Рысқұлов ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындарының тізбесі


Елді мекендер атауы
Бейбіт жиналыстар, митинг, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орны
1
Құлан ауылдық округі
Құлан ауылыАқжайық көшесінің шығыс жағындағы "Құлан төбе" алаңы
2
Луговой ауылдық округі
Луговой ауылы, мәдениет үйінің алдындағы алаң
3
Ақбұлақ ауылдық округі
Р. Сәбенов ауылы, Р. Сәбенов көшесіндегі мәдениет үйінің алдындағы алаң
4
Қарақыстақ ауылдық округі
Каменка ауылы, "Степан" шару қожалығы кеңсесінің солтүстігіндегі алаң
5
Құмарық ауылдық округі
Құмарық ауылы, мәдениет үйінің алдындағы алаң
6
Тереңөзек ауылдық округі
Тереңөзек ауылы, Жамбыл көшесінің бойындағы ауылдық почтаның шығысындағы алаң
7
Қайынды ауылдық округі
Қайынды ауылы, Қайынды ауылдық клубының алдындағы алаң
8
Ақыртөбе ауылдық округі
Ақыртөбе ауылы, Ақыртөбе орта мектебінің алдындағы шағын алаң
9
Өрнек ауылдық округі
Өрнек ауылы, Е.Алпысбайұлы 12/а орналасқан ғимараттың алдындағы алаңы
10
Жаңатұрмыс ауылдық округі
Жаңатұрмыс ауылы, Ұлы Отан Соғысы құрбандарына арналған ескерткіштің алдындағы алаң
11
Қорағаты ауылдық округі
Қорағаты ауылы, Төле би көшесі бойындағы ауылдық почта алдындағы алаң
12
Новосел ауылдық округі
Юбилейное ауылы, Шевченко көшесінде орналасқан сквердің алдындағы алаң
13
Көкдөнен ауылдық округі
Жақсылық ауылы, Ж. Әуелбаев көшесінің тау жағындағы бос алаң
14
Абай ауылдық округі
Еңбекші ауылы, Қ.Сатпаев көшесінің бойындағы бұрынғы Абай колхозының автогаражы алдындағы алаң
15
Көгершін ауылдық округі
Көгершін ауылы, Амангелді көшесінің орталығындағы алаң

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады