Сарысу ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 35-7 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 қазанда № 2354 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы №58-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Сарысу аудандық мәслихатының 18.02.2016 №58-5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес Сарысу ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Сарысу ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарысу аудандық мәслихаттың денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы хатшысы
      С. Әбдімәліков Б. Дондаұлы

  Сарысу аудандық мәслихатының
2014 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 35-7 шешіміне қосымша

Сарысу ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындарының тізбесі


Елді мекендер атауы
Бейбіт жиналыстар, митинг, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізілетін орындар
1
Жаңатас қаласы
Жаңатас қаласы, 3 шағын аудан, аудандық мәдениет үйінің алдындағы алаң
2
Байқадам ауылдық округі
Саудакент ауылы, Ұ. Сыздықбайұлы көшесі, ауылдық мәдениет үйінің алдындағы алаң
3
Игілік ауылдық округі
Өндіріс ауылы, Ж. Жұмабеков көшесі, Өндіріс ауылдық клуб үйінің алдындағы алаң
4
Жаңаталап ауылдық округі
Жаңаталап ауылы, Р. Сәтенұлы көшесі, Жаңаталап ауылдық клуб үйінің алдындағы алаң
5
Жайылма ауылдық округі
Жайылма ауылы, Қ. Донбайұлы көшесі, Жайылма ауылдық клуб үйінің алдындағы алаң
6
Жаңаарық ауылдық округі
Ұ.Сыздықбаев ауылы, Р. Қабылұлы, Жаңаарық ауылдық клуб үйінің алдындағы алаң
7
Түркістан ауылдық округі
Ә.Бүркітбаев ауылы, Қ.Қосымбеков көшесі мен Октябрьдің 50 жылдығы атындағы көшесінің қиылысындағы алаң
8
Тоғызкент ауылдық округі
Тоғызкент ауылы, Жамбыл көшесі, Тоғызкент ауылдық клуб үйінің алдындағы алаң
9
Досбол ауылдық округі
Досбол ауылы, Қ.Жұмаділов көшесі мен Б.Шайдікәрімов көшесінің қиылысындағы алаң
10
Қамқалы ауылдық округі
Шығанақ ауылы, Сарыарқа көшесі, Шығанақ ауылдық клуб үйінің алдындағы алаң

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады