Талас ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 40-12 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 15 қаңтарда № 2463 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 51-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Талас аудандық мәслихатының 17.02.2016 № 51-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
       "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес және Талас ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Талас ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орны болып Қаратау қаласының Орталық алаңы белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы С. Рысбаевқа жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы
      Д. Нурбалтаев Ж. Әсемов

О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Таласского района

Решение маслихата Таласского района Жамбылской области от 24 декабря 2014 года № 40-12. Зарегистрировано Департаментом юстиции Жамбылской области 15 января 2015 года № 2463. Утратило силу решением маслихата Таласского района Жамбылской области от 17 февраля 2016 года № 51-3

      Сноска. Утратило силу решением маслихата Таласского района Жамбылской области от 17.02.2016 № 51-3 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии со статьей 10 Закона Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан" и статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" в целях дополнительного регламентирования порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Таласского района, районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Определить местом проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории Таласского района Центральную площадь города Каратау.
      2. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппарата районного маслихата С. Рысбаева.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии Секретарь маслихата
      Д. Нурбалтаев Ж. Әсемов