Шу ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 35-9 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қаңтарда № 2475 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 ақпандағы № 50-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Шу аудандық мәслихатының 18.02.2016 № 50-6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында Шу ауданының аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет, салық, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, табиғатты пайдалану, өнеркәсіп салаларын, құрылысты, көлікті, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті өркендету, жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті сатып алу туралы шарттар жобаларына қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Мәслихат хатшысы
      А. Мұқатаев Б. Саудабаев

  Шу аудандық мәслихатының
2014 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 35-9 шешіміне қосымша

Шу ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындарының тізбесі


Елді мекендер атауы
Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары
1.
Шу қаласы
Қосқұдық мөлтек ауданы,
Продольная көшесі,
Қайрат Рысқұлбеков атындағы стадионы
2.
Төле би ауылы
Балуан Шолақ көшесі,
Сары Хасенов атындағы стадионы

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады