Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 459 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 8 желтоқсанда № 9940 тіркелді.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.07.2023 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру департаменті (Д.Ж.Каленова):

      1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді;

      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Министр

А.Сәрінжіпов


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2014 жылғы 12 қарашадағы
№ 459 бұйрығымен
бекітілген

Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 20.12.2021 № 521 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (әрі қарай – Заң) 5-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.07.2023 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      2) ақпараттандыру объектілері – электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтылым, интернет-ресурс және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;

      3) әкімшілік деректер – алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда, әкімшілік дереккөздер қалыптастыратын жеке немесе заңды тұлға жөніндегі жеке-дара сандық (сандар көмегімен өлшенетін) және (немесе) сапалық (белгілі бір қағидат және (немесе) белгі бойынша құрылған) деректер және шаруашылық бойынша есепке алу деректері;

      4) білім беру мониторингі – білім беру процестерін жүзеге асырудың жай-күйін және нәтижелері мен шарттары өзгеруінің серпінін, білім алушылар контингентін, білім беру ұйымдары желісін, сондай-ақ олардың қызметі жетістіктерінің рейтингілік көрсеткіштерін жүйелі түрде байқау, талдау, бағалау және болжау;

      5) білім беру саласындағы уәкілетті орган – білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;

      6) білім беру сапасы – білім беру жүйесін сипаттайтын және нақты қол жеткізуге болатын білім беру нәтижелерінің, білім беру жүйесінің жұмыс істеу шарттарының нормативтік талаптарға, әлеуметтік және тұлғалық межелерге сәйкестік дәрежесін көрсететін көрсеткіштер жиынтығы;

      7) ұлттық жинақ – әкімшілік деректер негізінде өңірлер бөлінісінде өткен жылдың қорытындылары бойынша деректердің білім беру жүйесінің статистикалық ақпаратын қамтитын ақпараттық-статистикалық жария құжат;

      8) ұлттық баяндама – мемлекеттік статистика және әкімшілік деректер негізінде өткен жылдың қорытындылары бойынша білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуын сипаттайтын талдамалық жария құжат;

      9) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      3. Білім беру мониторингін жүзеге асыру субъектілері:

      1) білім беру ұйымдары;

      2) аудандық (қалалық) білім бөлімдері;

      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім Басқармалары болып табылады.

      4. Білім беру мониторингін жүзеге асыру объектісі – білім беру жүйесі.

2-тарау. Білім беру мониторингін жүзеге асыру тәртібі

      5. Білім беру мониторингі:

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері бойынша;

      қамту бойынша (аудандық/қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық);

      ұйым нысаны бойынша (қашықтықтан, тікелей) жүзеге асырылады.

      6. Білім беру мониторингі:

      білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде ақпаратты жинау, жүйелі есепке алу, өңдеу, сондай-ақ сақтау, жаңарту және жинақтау арқылы білім беру ұйымдарының қызметін жүйелі түрде байқау;

      оқу процесін талдау және әдістемелік түзету үшін білім басқармалары мен бөлімдерінің әдістемелік күндер ұйымдастыруы және өткізуі, білім беру ұйымдарында және педагогикалық қоғамдастыққа практикалық көмек көрсету;

      әлеуметтік немесе мониторингтік зерттеулер ұйымдастыру (оның ішінде халықаралық салыстырмалы зерттеулер үшін);

      білім беру қызметінің нәтижелерін талдау (ұлттық бірыңғай тестілеу, оқушылардың қорытынды бағаларын, халықаралық салыстырмалы зерттеулер нәтижелерін талдау және салыстыру) түрінде жүзеге асырылады.

      7. Құжаттар мен материалдарды жинақтау:

      білім беру саласындағы уәкілетті органның әкімшілік деректерінің;

      мемлекеттік статистикалық есептіліктің;

      білім беру сапасының динамикасына әсер ететін факторларға салыстырмалы талдау жүргізудің;

      лицензиялау, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау және аккредиттеу рәсімдері нәтижелерінің;

      білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың білім беруді басқару органдары мен білім беру ұйымдарының қызметіне жүргізген тексеру нәтижелерінің;

      білім алушыларды мемлекеттік қорытынды аттестаттау нәтижелерінің;

      ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерінің;

      кешенді тестілеу нәтижелерінің;

      педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды аттестаттау туралы деректердің;

      халықаралық салыстырмалы зерттеулер нәтижелерінің;

      мониторингтік зерттеулер нәтижелерінің;

      әлеуметтік зерттеулер нәтижелерінің қорытындысы негізінде жүзеге асырылады.

      8. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйелеріндегі ақпаратты жинақтау, жүйелі түрде есепке алу, өңдеу, сондай-ақ сақтау, жаңарту және жинақтау және қорғауды ұйымдастыру тәртібі мыналарды қамтиды:

      1) білім беру мониторингін жүзеге асыру субъектілерінің білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде әкімшілік деректерді енгізуі және / немесе өзектендіруі;

      2) толықтығын, дұрыстығын қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асыру білім беру ұйымдарының, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларының осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген мерзімде білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде мәліметті уақытылы толтыруы;

      3) деректерді білім беру мониторингін жүзеге асыру субъектісі басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен растау;

      4) білім беру саласындағы уәкілетті органның жүйе мұрағатында сақтау үшін жыл сайын бір күнге деректерді тіркеуі.

      9. Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйелеріндегі немесе білім беру мониторингі субъектілерінің ақпараттық жүйесіндегі деректерді өзектендіру өзгерістердің туындау фактісі бойынша, бірақ олар туындаған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей үнемі жүзеге асырылады.

      10. Білім беру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын қазан айында білім берудің барлық деңгейлері бойынша әкімшілік есептілікті қалыптастыру үшін білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде деректерді тіркеуді қамтамасыз етеді. Осы кезеңде білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде деректерді өзектендіру 10 жұмыс күнге дейінгі мерзімге тоқтатылады. Деректерді тіркеу және өзектілендіруді тоқтата тұру мерзімдері туралы пайдаланушылар ақпараттандыру объектілерінде үш жұмыс күн бұрын хабардар етіледі.

      11. Білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінде немесе онымен интеграцияланған басқа ақпараттық жүйелерде деректерді толық, дұрыс және уақтылы толтыруды ұсынады және қамтамасыз етеді.

      12. Білім беру мониторингінің нәтижелері бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган:

      білім беру саласындағы уәкілетті органның ақпараттандыру объектілерінің параметрлеріне түзетулер енгізеді;

      жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі 1 желтоқсанға дейін, Ұлттық баяндаманы жариялайды;

      жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі 1 наурызға дейін, Ұлттық статистикалық жинақты жариялайды.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады