2014 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Балқаш қаласының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің тізбесін, жұмыстардың түрлерін, нақты жағдайларын, көлемдерін және еңбекақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 07/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 ақпанда № 2545 болып тіркелді. Қаулының қабылданған мерзімі өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімінің 2015 жылғы 3 ақпандағы N 4-16/185 хаты)

      Ескерту. Қаулының қабылданған мерзімі өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімінің  03.02.2015 N 4-16/185 хаты).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың Ережесіне сәйкес, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудың тиімділігін арттыру мақсатында, жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды және табыс табуды, кедейлікті еңсеруді, жұмыссыздық ауқымы мен деңгейін қысқартуды қамтамасыз ету үшін, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2014 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Балқаш қаласының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің тізбесі, жұмыстардың түрлері, нақты жағдайлары, көлемдері және еңбекақы төлеу мөлшері бекітілсін.
      2. "Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - ММ) (Ж.К. Томпиева):
      1) бекітілген тізбеге сәйкес қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайларын көрсетумен, қоғамдық жұмыстарды жүргізуге қаланың кәсіпорындары, ұйымдары және мекемелерімен шарттары жасалсын;
      2) 2014 жылғы қаланың бюджетінде көзделген қаражат шегінде бекітілген тізбеге сәйкес жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын;
      3) қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу ең төменгі бір жалақы мөлшерінде жүргізілсін;
      4) "Қалалық коммуналдық шаруашылық - 2012" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қоғамдық жұмыстарға жіберілген жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу ең төменгі бір жарым жалақы мөлшерінде жүргізілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Саягуль Жаксылыққызы Жаксылыковаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Н. Аубакиров

Балқаш қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 18 ақпандағы
№ 07/01 қаулысына
қосымша

2014 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін Балқаш қаласының
кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелерінің тізбесі,
жұмыстардың түрлері, нақты жағдайлары, көлемдері

Кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелердің атауы

Жылдық адам саны

Жұмыстардың түрлері және көлемі

1

2

3

4

1

"Балқаш қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - ММ)

24

Құжаттарды тарату, айына 40 құжаттардан астам

2

"Гүлшат кенті әкім аппараты" ММ

12

Айына 4000 шаршы метрден кем емес кентті көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазарту

3

"Саяқ кенті әкім аппараты" ММ

12

Айына 3000 шаршы метрден кем емес кентті көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазарту

4

"Балқаш қаласының мәслихат аппараты" ММ

4

Айына 40 құжаттардан астам құжаттарды мұрағатқа тапсыруға, сессиялар және тұрақты комиссиялар хаттамаларын ресімдеуге көмек

5

"Балқаш қаласының жер қатынастары бөлімі" ММ

6

Айына 40 құжаттардан кем емес құжаттарды өңдеу, тізілімдерді, хабарламаларды дайындау жұмысы

6

"Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ

20

Айына 60 құжаттардан кем емес әлеуметтік төлемдерге құқығы бар азаматтарды анықтау мақсатында аулаларды аралау, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеру актісін жасауға көмек

7

"Балқаш қаласының құрылыс бөлімі" ММ

4

Айына 50 кем емес құжаттарды өңдеу

8

"Балқаш қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ

6

Айына 50 құжаттардан кем емес, құжаттарды өңдеу, саяжайлар және гараждар алабын түгендеу

9

"Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары бөлімі" ММ

28

Айына 60 кем емес құжаттарды өңдеу, қаланы көріктендіру, көгалдандыру және санитарлық тазарту

10

"Балқаш қаласының ішкі саясат бөлімі" ММ

8

Айына 40 құжаттардан кем емес құжаттарды өңдеу, мұрағаттық құжаттармен жұмыс

11

"Балқаш қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ және оның ішінде қаланың жалпы білім беретін мектептері

49

Айына 60 кем емес іс-шараларды жүргізуге көмек, қоғамдық тәрбиеші

12

"Балқаш қаласының экономика және қаржы бөлімі" ММ

8

Айына 40 кем емес құжаттарды өңдеу

13

"Балқаш қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" ММ

4

Құжаттарды өңдеу, айына 40 астам құжаттарды жеткізу

14

"Балқаш қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" ММ

6

Айына 40 астам құжаттарды жеткізу, ақпараттарды жинақтау, ауылшаруашылық жануарларының қозғалысын есептеу және тіркеу

15

"Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Қазынашылық комитетінің Қарағанды облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Балқаш қалалық қазынашылық басқармасы" ММ

4

Айына 40 астам құжаттарды жеткізу, құжаттарды өңдеу

16

"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Қарағанды облысы бойынша Салық департаментінің Балқаш қаласы бойынша Салық басқармасы" ММ

20

Салық төлеу бойынша хабарламаларды тарату, айына 50 құжаттардан астам жеткізу

17

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қарағанды облысының әділет Департаментінің Балқаш қаласының әділет басқармасы" ММ

20

Айына 40 құжаттардан астам жеткізу, әділет органдарында құжаттарды өңдеу жұмысы, формулярларды таратып салу

18

"Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Қарағанды облыстық сотының кеңсесі" ММ

40

Қосалқы жұмыстар, мұрағат құжаттарымен жұмыс, айына 40 кем емес құжаттарды өңдеу

19

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитетінің Қарағанды облысы сот актілерін орындау департаменті" мемлекеттік мекемесінің "Балқаш аумақтық бөлімі" филиалы

20

Айына 40 құжаттардан кем емес хабарлама тарату

20

"Қарағанды облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" ММ

4

Айына 20 құжаттардан кем емес мұрағаттық құжаттармен жұмыс, шақыру қағаздарды тарату

21

"Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті Балқаш қаласының ішкі істер бөлімі" ММ

38

Қосалқы жұмыстар, номенклатуралық істерді тігу, айына 40 құжаттардан кем емес кіріс және шығыс құжаттарын тарату

22

"Қарағанды облысының прокуратурасы" ММ

8

Қосалқы жұмыстар, айына 20 құжаттардан кем емес өңдеу және тіркеу

23

"Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Балқаш қалалық аумақтық инспекциясы" ММ

4

Айына 20 құжаттардан кем емес өңдеу және тіркеу

24

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнің "Қарағанды облысы Балқаш қаласының қорғаныс iстерi жөніндегі біріктірілген бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

24

Айына 40 шақыру қағаздардан кем емес, шақыру қағаздарын тарату

25

Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының "Балқаш қаласының мемлекеттік мұрағаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

4

Айына 40 құжаттардан кем емес мұрағаттық істерді жаңғырту, мұрағаттық құжаттармен жұмыс

26

"Қалалық коммуналдық шаруашылық-2012" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

60

Айына 9000 шаршы метрден кем емес қаланы көріктендіру, санитарлық тазарту және көгалдандыру

27

Балқаш қаласы әкімдігі Балқаш қаласы білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Оқушылар сарайы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

4

Айына 20 кем емес мәдени – жалпы іс-шараларды жүргізуге көмек

28

Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы "Балқаш қаласының № 1 емханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

7

Айына 20 құжаттардан кем емес жеткізу, құжаттарды өңдеу

29

"Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының Қарағанды облыстық филиалы

4

Мұрағаттық істерді жаңғырту, айына 20 кем емес жәрдемақы және зейнетақы алушыларға шақыру қағаздарын тарату

30

"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Балқаш қалалық аумақтық инспекциясы" ММ

4

Мұрағаттық құжаттармен жұмыс, қосалқы жұмыс, айына 20 кем емес құжаттарды өңдеу

31

"Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы" ММ

4

Айына 30 кем емес құжаттарды тарату және өңдеу

32

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің "Қазақавтожол" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынының Қарағанды облыстық филиалы

8

Айына 3000 шаршы метрден кем емес жолдарды көріктендіру және санитарлық тазартуға көмек

33

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің "Балқаш қаласы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" ММ

4

Айына 20 кем емес құжаттарды өңдеу

34

"Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің Балқаш қалалық филиалы

4

Айына 20 кем емес құжаттарды өңдеу

35

"Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлiгі Экологиялық реттеу және бақылау комитетiнің Қарағанды облысы бойынша экология департаментi" ММ

4

Айына 20 кем емес құжаттарды өңдеу

36

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің "Қарағанды облысы бойынша Жылжымайтын мүлік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

4

Айына 20 кем емес құжаттарды өңдеу

37

"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті Балқаш қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы" ММ

8

Айына 20 кем емес құжаттарды өңдеу

38

"Қазақмыс Корпорациясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің филиалы - "Қарағандытүстімет" өндірістік бірлестігі

4

Айына 40 кем емес құжаттарды өңдеу

39

Қарағанды облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментiнің Балқаш аймағы бойынша қаржы полициясының ауданаралық бөлiмi

4

Айына 60 құжаттардан кем емес мұрағаттық құжаттармен жұмыс, шақыру қағаздарын тарату


Барлығы

500


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады