"Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2014 жылғы 14 ақпандағы № 25/202 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 наурызда № 2563 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 2016 жылғы 4 мамырдағы № 2/24 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды -Қарағанды облысы Балқаш қалалық мәслихатының 04.05.2016 № 2/24 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. Қоса берілген "Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешімге қосымшаға сәйкес қалалық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, заңдылық және азамат құқығы, әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Муслымов А.К.).
      4. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы
С. Тусупбеков
Қалалық мәслихаттың хатшысы
Қ. Рахимберлина

      

  Қалалық мәслихаттың
2014 жылғы 14 ақпандағы
№ 25/202 шешімімен
бекітілген

"Балқаш қаласының мәслихат аппараты"
мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мәслихат аппараты) тиісті мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Мәслихат аппараты мемлекеттік органы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Мәслихат аппараты мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Мәслихат аппараты егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихат хатшысының өкімімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін құқықтық актілер қабылдайды.
      7. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Уәлиханов көшесі, 3 үй, пошталық индексі: 100300.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппараты функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мәслихат аппаратының миссиясы:
      мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етедi, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсету.
      14. Міндеттері:
      мәслихатының ұйымдық және сессиялық қызметін қамтамасыз ету.
      15. Функциялары:
      1) мәслихаттың қала әкімі аппаратымен, еңбек ұжымдарымен, кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен және өзін-өзі басқару органдарымен, Қазақстан Республикасының заңнамасында ұсынылған өкілеттіктер шеңберінде өзара іс-қимылын жүзеге асырады;
      2) өз жұмысын мәслихаттың, оның тұрақты және басқа да комиссияларының жұмыс жоспары негізінде жүргізеді;
      3) мәслихат депутаттарына өздерінің өкілеттіктерін жүзеге асыруға, азаматтарды қабылдауды, есептерді және сайлаушылармен кездесулерді ұйымдастыруға тәжірибелік көмек көрсетеді және ықпал етеді, оларды қажетті анықтама материалдарымен қамтамасыз етеді, мәслихатқа түскен ақпараттарды талдайды;
      4) депутаттық сұраулардың уақытылы қаралуына есеп және бақылау жүргізеді;
      5) депутаттардың оқуын жүзеге асырады, барлық деңгейдегі мәслихаттардың жұмысын озық тәжірибелерін жинақтап және іс жүзінде енгізу;
      6) іс жүргізудің бірыңғай тәртібін қамтамасыз етеді, мәслихат аппаратында құжаттармен жұмыстың түрлері мен әдістерін жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындайды, олардың уақытында орындалуының бақылауын жүзеге асырады;
      7) баяндамалардың, шешімдердің, анықтамалардың және мәслихат қызметінің басқа да мәселелері бойынша құжаттардың жобаларын дайындауды ұйымдастырады, мәслихат шығарған нормативтік - өкімдік құжаттардың түпнұсқаларын рәсімдеу, шығаруды және сақтауды қамтамасыз етеді, мәслихат сессияларының хаттамаларын жүргізеді, талапқа сай рәсімделуін жүзеге асырады;
      8) белгіленген тәртіп бойынша кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға, лауазымды адамдарға және азаматтарға, мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының шешімдерін жеткізеді;
      9) азаматтардың хаттарын, арыздары мен шағымдарын есепке алу және тіркеуді жүзеге асырады, олардың уақытылы қаралуын ұйымдастырады;
      10) құжаттардың басылуын, көшірмесін түсіруді және жедел көбейтуді қамтамасыз етеді;
      11) материалдарды рәсімдеу, сақтау және уақытылы мұрағатқа өткізуді қамтамасыз етеді;
      12) аппарат қызметкерлерінің жеке іс құжаттарын есепке алуды ұйымдастырады.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) мәслихат депутаттарынан олардың қызметі жөніндегі мәселелер бойынша мәліметтер, ақпараттар сұратуға;
      2) тиісті мемлекеттік және қоғамдық органдардан, заңды тұлғалардан жұмысқа қажетті құжаттар мен материалдар сұратуға;
      3) мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және ғылыми мекемелердің қызметкерлерін мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының қарауына ұсынылған мәселелерді дайындауға қатысу үшін тартуға;
      4) депутаттық сауалдарды, ұсыныстарды, азаматтардың арыз және шағымдарын заты бойынша қарастыру үшін тиісті мемлекеттік және қоғамдық органдарға, заңды тұлғаларға жолдауға;
      5) өз қызметіне қатысты мәселелер бойынша қызметшілік кеңестерге және жалпы қалалық іс-шараларға қатысуға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Мәслихат аппаратына басшылықты мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Мәслихат аппаратының бірінші басшысын қызметке сайлайды және қызметтен босатады.
      Мәслихат аппаратының бірінші басшысына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелінеді.
      19. Мәслихат аппараты бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) қаржылық құжаттарда бірінші қол қою құқығы;
      2) банктерде есеп айырысу және басқа шоттарды ашуға;
      3) заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасасуға;
      4) өз құзыретінің шегінде мәслихат аппаратының мүлігін басқаруға;
      5) қолданыстағы заңнамада көзделген көтермелеу және тәртіптік жаза түрлерін қолдануға;
      6) еңбек қорғаудың және техника қауіпсіздігінің нормативтерін қамтамасыз етуге;
      7) мәслихат аппаратының актілеріне қол қоюға;
      8) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      9) мәслихат аппаратының өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;
      10) өз құзіретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;
      11) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат аппараты атынан өкiл болады;
      12) ішкі еңбек тәртібінің ережелерін бекітеді;
      13) сенімхаттар береді;
      14) мемлекеттік мекеменің қызметін жетілдіру бойынша мәслихатқа ұсыныстар енгізеді;
      15) Қазақстан Республикасы заңнамасымен және осы Ережемен оған жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асырады.
      Мәслихат аппаратының бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      20. Мәслихат аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке сайланатын және қызметтен босатылатын мәслихат хатшысы басқарады.
      Мәслихат хатшысы мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді, мемлекеттік атқарушы, аймақтық, және ведомстволық бағыныстағы бақылаушы органдарда, соттарда, шаруашылық субъектілерде, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдарда оның мүдделеріне өкілдік етеді.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      21. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      22. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

  Қалалық мәслихаттың
2014 жылғы 14 ақпандағы
№ 25/202 шешіміне
қосымша

Балқаш қалалық мәслихатының
кейбір күші жойылған шешімдерінің тізімі

      1. Қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 20/197 "Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" шешімі.
      Ескерту. Балқаш қалалық мәслихатының 23.01.2002 № 20/197 шешімі РҚАО-ға түскен жоқ.
      2. Қалалық мәслихаттың 2005 жылғы 9 қарашадағы № 25/233 "Қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 20/197 "Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімі.
      Ескерту. Балқаш қалалық мәслихатының 09.11.2005 № 25/233 шешімі РҚАО-ға түскен жоқ.
      3. Қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 8 шілдедегі № 22/170 "Қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 20/197 "Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешімі.
      Ескерту. Балқаш қалалық мәслихатының 08.07.2009 № 22/170 шешімі РҚАО-ға түскен жоқ.
      4. Қалалық мәслихаттың 2010 жылғы 3 қарашадағы № 36/279 "Қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 20/197 "Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" шешіміне толықтырулар енгізу туралы" шешімі.
      Ескерту. Балқаш қалалық мәслихатының 03.11.2010 № 36/279 шешімі РҚАО-ға түскен жоқ.
      5. Қалалық мәслихаттың 2011 жылғы 21 қыркүйектегі № 50/387 "Қалалық мәслихаттың 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 20/197 "Балқаш қаласының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі.
      Ескерту. Балқаш қалалық мәслихатының 21.09.2011 № 50/387 шешімі РҚАО-ға түскен жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады