Сәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 тамыздағы № 262 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 қыркүйекте № 2741 болып тіркелді. Күші жойылды - Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2023 жылғы 3 қарашадағы № 71 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 03.11.2023 № 71 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" қаулысына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      Ескерту. Шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 29.04.2016 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Қоса беріліп отырған Сәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау ережесі бекітілсін.

      2. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Қоңырова Әлия Мешітбайқызы) жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Қ. Әділбаев

Қалалық


мәслихат хатшысы

Т. Хмилярчук

КЕЛІСІЛДІ:


"Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту


және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"


мемлекеттік мекемесінің басшысы

Б. Әпеков


      2014 жылғы 20 тамыз

  Сәтбаев қалалық мәслихатының
2014 жылғы 20 тамыздағы
30 сессиясының № 262 шешімімен
бекітілген

Сәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау ережесі

      Осы Сәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 5 шілдедегі "Байланыс туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына (бұдан әрі – Ереже), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі № 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Cәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындайды.

      Ескерту. Қағиданың кіріспесі жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 29.04.2016 № 26 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аз қамтылған отбасылар (азаматтар) – Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      3) аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысы – тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;

      4) уәкілетті орган – жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы;

      5) шекті жол берілетін шығыстар үлесі – аз қамтылған отбасының (азаматтың) бір айда кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсаған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) жиынтық кірісіне проценттік қатынасы.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 30.12.2020 № 652 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжай ретінде меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 30.12.2020 № 652 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2-1. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінуге құқылы.

      Ескерту. 2-1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 30.12.2020 № 652 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2-2. Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 2-2-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 30.12.2020 № 652 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Тұрғын үй көмегі Сәтбаев қаласында тұрақты тұратын, осы тұрғын үйде тіркелген, оның меншік иелері немесе тұрғын үйді пайдаланушылар (жалдаушылар) болып табылатын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), егер кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін ұстауға, күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлеміне тұрғын үй аумағының шекті шамасында, өтемақылық шамалармен қамтамасыз етілген жағдайда, бірақ алатын нақты жалпы аумағынан, кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін ұстауға, күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтерді тұтыну, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеу шығындарының мөлшерлерінен аспайтын, сондай-ақ телекоммуникациялық қызметтер көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуі, отбасы бюджетінде осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен асатын тұлғаларға беріледі.

      Зейнеткерлік жасқа жетпеген мүгедектер (жалғыз тұратын мүгедектер, мүгедектерден тұратын отбасылар, 18 жасқа дейінгі балалары бар мүгедектер, мүгедектер мен олардың күтімімен айналысатын адамдар) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалануға, тұрғын үйді жалға алу ақысын төлеуге сонымен қоса, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне жұмсалатын отбасының (азаматтың) шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (адамның) жиынтық табысының жеті пайызы мөлшерінде, өзге санаттардағы азаматтар үшін отбасының (адамның) жиынтық табысының сегіз пайызы мөлшерінде белгіленеді. Шектi жол берiлетiн шығыстар үлесi отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің өлшемі болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 30.12.2020 № 652 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3-1. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Ескерту. 3-1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 30.12.2020 № 652 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету нормативтерін айқындау

      4. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін келесі тәртіппен көрсетеді:

      1) өтемақылық шаралармен қамтамасыз етілген тұрғын үй ауданының нормалары тұрғын үй заңнамасымен белгіленген отбасының әр мүшесіне берілетін тұрғын үй нормасына балама және көп бөлмелі пәтерлерде бір адамға 18 шаршы метрді құрайды, бір бөлмелі пәтерде тұратындар үшін – пәтердің жалпы көлемі. Көп бөлмелі пәтерлерде тұратын жалғыз басты азаматтар үшін берілетін тұрғын үй ауданның әлеуметтік нормасы – 30 шаршы метр;

      2) коммуналдық қызметтерді тұтыну нормалары:

      қызмет жеткізушілердің шоттарын ұсына отырып (түбіртектер, жүкқұжаттар, шот-фактуралар), нақты шығыстар бойынша, қатты отынды пайдалану:

      1985 жылға дейін салынған тұрғын ғимараттар үшін 1-2 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылу беру маусымына есептегенде) 161 килограмм көмірден артық емес, 3-4 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылу беру маусымына есептегенде) 98 килограмм көмірден артық емес;

      1985 жылдан кейін салынған тұрғын ғимараттар үшін 1-2 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылу беру маусымына есептегенде) 125 килограмм көмірден артық емес, 3-4 қабатты үйлер үшін 1 шаршы метр ауданды жылытуға (жылу беру маусымына есептегенде) 72 килограмм көмірден артық емес;

      жылу беру маусымының ұзақтығы – 7 ай;

      тұрғын үй көмегін есептеу барысында, статистика органдарының мәліметтері бойынша Сәтбаев қаласында өткен тоқсанда қалыптасқан көмір бағасы қолданылады;

      нақты шығыстар бойынша, отбасының электр қуатын тұтынуы:

      газ плиталарымен жабдықталған үйлерде айына 150 киловаттан;

      электр плитасымен жабдықталған үйлерде айына 250 киловаттан аспауы тиіс;

      3) суық суды, кәрізді, ыстық суды, қоқысты әкету, газды, тұрғын үйді күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды тұтыну нормалары басқару нысанына тәуелсіз (пәтер иелерінің кооперативі, өзін-өзі басқару комитеті, үй комитеттері, басқарудың заңды үлгісін рәсімдегендер) қызмет көрсетушілермен немесе тарифтерді бекітетін органмен бекітілген тарифтердің негізінде белгіленеді;

      4) тиісті төленуге жататын кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуді жүргізудің кезектілігі жергілікті атқарушы органмен (тұрғын үй инспекциясымен) келісілген, жалпы жиналыста пәтер иелерінің шешімімен анықталады.

      5. Кондоминиум объектiсінiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуға және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне төлемақы белгіленген нормадан тыс жалпы негіздерде жүргізіледі.

      6. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметін көрсету үшін абоненттік төлемақы тарифінің арттырылуының сомасы Қазақстан Республикасының Үкіметімен белгіленген тәртіпте өтелуге жатады.

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау және төлеу тәртібі

      7. Тұрғын үй көмегін уәкілетті орган береді және тұрғылықты мекенжайы бойынша жеке тұлғаларға тағайындалады.

      8. Алкогольге немесе есірткіге тәуелді отбасы мүшелерімен не 18 жасқа толмаған адамдармен бірге тұратын және пәтерлердің меншік иелері болып табылатын зейнеткерлерге және мүгедектерге тұрғын үй көмегі бір бөлмелі немесе көп бөлмелі пәтерлерде тұратындығына қарамастан, бір адамға тұрғын үй алаңының нормасы (18 шаршы метр) және бір адамға коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері шегінде беріледі.

      9. Ақпараттық-маркетингтік қызметпен айналысатын және жеке компанияның сауда белгісінің өнімін өткізуде сауда делдалдығын жүзеге асыратын адамдар салық басқармасында жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы тұлға ретінде немесе уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелуі не болмаса негізгі жұмыс орнынан растайтын анықтама ұсынуы тиіс.

      10. Даулы, шиеленісті немесе ерекше жағдайлар туындаған жағдайда тұрғын үй көмегін тағайындау туралы мәселе сот тәртібімен шешілуі мүмкін.

      11. Тұрғын үй көмегінің сомасы артық немесе заңсыз тағайындалуына әкеп соқтырған көрінеу жалған мәліметтерді берген жағдайда тұрғын үй көмегін төлеу тоқтатылады. Тұрғын үй көмегі түрінде заңсыз алынған сомалар ерікті түрде, ал төлеуден бас тартылған жағдайда сот тәртібімен қайтарылуға жатады.

      12. Тұрғын үй көмегі қолма-қол немесе қолма-қол ақысыз нысанда беріледі. Қолма-қол ақысыз нысаны – бұл ақшалай қаражаттарды қызмет жеткізушілердің есеп шоттарына, сонымен қатар кондоминиум объектісін басқару органының шоттарына (ағымдағы, жинақтаушы) аудару.

      Тұрғын үй көмегі сомасын коммуналдық қызметтерді жеткізушінің (кәсіпорынның таратылуы, қайта ұйымдастырылуы, банк реквизиттерінің өзгеруі, қатты отынға, телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттiк төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне ақы төлеу) есеп шотына аудару мүмкін болмаған жағдайда, ол өтініш иесіне қызмет көрсететін басқа қызмет жеткізушілердің арасында үлестіріледі немесе қолма-қол нысанда төленеді. Қолма-қол нысаны екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы операцияларды жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдары арқылы азаматтардың шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылатын ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Жеке шотын ашу үшін өтініш беруші, екінші деңгейлі банкте, немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымдарда ашылған есеп шотын ұсынады.

4. Тұрғын үй көмегін беру мерзімдері мен мерзімділігі

      13. Тұрғын үй көмегі тоқсан сайын табыстары туралы, коммуналдық шығындар мен берілген үйде тұрушылардың отбасы құрамы жайлы мәліметтерді бере отырып, өтініш берілген айдан бастап барлық қажетті құжаттармен бір жылға тағайындалады.

      Тұрғын үй көмегін алушылардың қайта тіркелуі құжаттарды алғаш рет тапсырған рәсіміне сәйкес болады.

      14. Тоқсан сайын табыстары туралы, коммуналдық шығындар мен отбасы құрамы жайлы мәліметтерді ұсынған отбасылар құжаттарды нақты тапсырған күнге тәуелсіз, тұрғын үй көмегін бір тоқсанға алады.

      15. Ағымдағы тоқсан бойы табыстары туралы, коммуналдық шығындар мен отбасы құрамы жайлы мәліметтерді ұсынбаған отбасыларға, қандай да себепке қарамастан, тұрғын үй көмегін тағайындау құжаттар ұсынылған айдан бастап жүргізіледі.

      16. Коммуналдық қызметтердің тарифтерін өзгерту кезінде, тарифтің өзгергені жайлы өкілетті органға құжатты ұсынған айдан бастап табиғи монополияларды реттеу жөніндегі уәкілетті органның қайта бекіткен тарифі бойынша көмекті тағайындау жүргізіледі.

      17. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде отбасындағы басқа қалаларда уақытша тұратыны тиісті құжаттармен дәлелденген тұлғалар (оқушылар, студенттер) есепке алынбайды.

5. Өтініш білдіру және тұрғын үй көмегін есептеу тәртібі

      18. Аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Мемлекеттік корпорацияға және/немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысымен бекітілген Ереженің 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 30.12.2020 № 652 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18-1. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Ескерту. Ереже 18-1-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 18.06.2018 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18-2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 2314 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің 4-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Ескерту. Ереже 18-2-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 18.06.2018 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18-3. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.

      Ескерту. Ереже 18-3-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 18.06.2018 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18-4. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. Ереже 18-4-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 18.06.2018 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18-5. Уәкілетті орган отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екенін анықтау негізінде тұрғын үй көмегін беруден бас тартады және өтініш берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтініш берушіге "электрондық үкімет" веб-порталы не Мемлекеттік корпорация арқылы дәлелді бас тартуды жібереді.

      Ескерту. Ереже 18-5-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 18.06.2018 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      18-6. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе электрондық құжат ретінде "жеке кабинетке" жіберіледі.

      Ескерту. Ереже 18-6-тармақпен толықтырылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 18.06.2018 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      19. Түскен құжаттарды қарастыру нәтижесінде уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушылардың жеке істері түзіледі. Ай сайын тұрғын үй көмегінің есебі жүргізіледі және өтініш иесіне өтініш жасауына қарай беріледі.

      20. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға арналған шығыстарға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 11.12.2019 № 475 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      21. Тұрғын үй көмегінің мөлшері кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күрделi жөндеуге және (немесе) күрделi жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерге, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына және телекоммуникация қызметін көрсетуге абоненттiк төлемақы тарифiнiң арттырылуы төлемдеріне нақты есептелген сомалардан артуы мүмкін емес.

      22. Тұрғын үй көмегін есептеу үшін коммуналдық қызметтер бойынша есептелген төлемдер тұрғын үй көмегін тағайындау кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен электрондық тасығышта не болмаса жеке тұлғалармен қағаз тасығышта (шоттар, түбіртектер, хабарламалар, анықтамалар) ұсынылады.

  Сәтбаев қалалық мәслихатының
2014 жылғы 20 тамыздағы 30 сессиясының
№ 262 шешіміне қосымша

Сәтбаев қалалық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Сәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау ережесін бекіту туралы" Сәтбаев қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 ақпандағы № 26 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-6-136 болып тіркелген және 2012 жылғы 21 наурыздағы № 23(1994) "Шарайна" газетінде жарияланған).

      2. "Сәтбаев қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 ақпандағы "Сәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 26 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Сәтбаев қалалық мәслихатының 2012 жылғы 17 тамыздағы № 73 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1930 болып тіркелген және 2012 жылғы 14 қыркүйектегі № 48(2019) "Шарайна" газетінде жарияланған).

      3. "Сәтбаев қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 ақпандағы "Сәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" № 26 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Сәтбаев қалалық мәслихатының 2012 жылғы 13 қарашадағы № 92 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2003 болып тіркелген және 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 62(2033) "Шарайна" газетінде жарияланған).

      4. "Сәтбаев қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 ақпандағы "Сәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау ережесін бекіту туралы" № 26 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Сәтбаев қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 ақпандағы № 112 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2237 болып тіркелген және 2013 жылғы 29 наурыздағы № 13(2048) "Шарайна" газетінде жарияланған).

      5. "Сәтбаев қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 ақпандағы "Сәтбаев қаласының аз қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарына) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау ережесін бекіту туралы" № 26 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 242 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2626 болып тіркелген және 2014 жылғы 16 мамырдағы № 19(2106) "Шарайна" газетінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады