Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 219 "Сәтбаев қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 7 қарашадағы № 281 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 желтоқсанда № 2841 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» № 704 Жарлығына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 219 «Сәтбаев қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2603 болып тіркелген және 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 16 (2103) «Шарайна» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген мемлекеттік тілдегі Сәтбаев қалалық мәслихатының Регламентінде:
       20 тармақта:
      жетінші абзац жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      «Шешім жобасы жеке кәсіпкерлік субъектісінің мүддесін қозғайтын жағдайда, оған міндетті түрде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерінің және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының сараптама қорытындысы беріледі, сондай-ақ шешім жобасы әрбір келесі келіскен кезде беріледі.»;
       47 тармақта:
      бірінші абзац жаңа редакцияда мазмұндалсын:
      «47. Мәслихат хатшысының лауазымына кандидатураларды мәслихаттың депутаттары мәслихаттың сессиясында ұсынады. Ұсынылатын кандидатуралардың санына шек қойылмайды. Кандидаттар өздерінің алдағы қызметінің үлгі бағдарламаларымен таныстырады. Егер ашық немесе жасырын дауыс беру нәтижесінде мәслихат депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысын алса, кандидат мәслихаттың хатшысы лауазымына сайланды деп есептеледі.»;
       68 тармақтан кейін:
      «59» реттік нөмірі «69» реттік нөмірімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Сессия төрағасы
      Қалалық
      мәслихат хатшысы

И. Бралин
 
Т. Хмилярчук

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады