Абай ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2015 жылы әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы 37 сессиясының № 37/393 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қаңтарда № 2924 болып тіркелді. Қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты өзінің қолданылуын тоқтатты (Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 маусымдағы № 3-19-154 хаты)

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі " Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, (бұдан әрі-Қаулы) Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Абай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2015 жылы өтініш беру кезінде жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы берілсін.
      2. Абай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына 2015 жылы тұрғын үй құрылысы және сатып алу үшін әлеуметтік қолдау - өтініш беру кезінде бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын, маманмен мәлімделген сомадағы бюджеттік кредит түрінде берілсін.
      3. Ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі аудандық уәкілетті орган ретінде "Абай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы шешімді жүзеге асыру жөніндегі шараларды Қаулыға сәйкес қабылдасын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (Н.Г. Белан).
      5. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрайымы
Г. Бахраева
Абай аудандық
 
мәслихатының
 
хатшысы
Б. Цай

      
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Абай ауданының экономика
      және қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      Б. Муталяпова
      23.12.2014г.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады