"Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 28 ақпандағы 21 сессиясының № 14 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 сәуірде № 2584 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 4 сессиясының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 4 сессиясының 30.06.2016 № 9 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 16 сессиясының 2013 жылғы 19 тамыздағы № 10 "Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" шешімі жойылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы
С. Грушевский
Мәслихат хатшысы
А. Жүніспеков

      

  Бұқар жырау аудандық
мәслихатының 21 сессиясының
2014 жылғы 28 ақпандағы
№ 14 шешімімен
бекітілген

"Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты"
мемлекеттік мекемесінің Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мемлекеттік мекеме) Бұқар жырау аудандық мәслихаты мен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асыратын, депутаттарға олардың өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсететiн Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме басшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Мемлекеттік мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
      8. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 100400, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Абылай хан көшесі 39.
      9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:
      мемлекеттік тілде – "Бұқар жырау аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде – государственное учреждение "Аппарат Бухар-Жырауского районного маслихата".
      10. Осы ереже мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мемлекеттік мекеменің миссиясы Бұқар жырау аудандық мәслихатының, оның органдарының қызметін сапалы және уақытылы ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету болып табылады, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiктерiн жүзеге асыруға көмек көрсетедi.
      14. Міндеттері:
      1) Бұқар жырау аудандық мәслихатының ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де жұмыстарын қамтамасыз ету;
      2) Бұқар жырау аудандық мәслихатының шешімдерін орындалуын бақылау.
      15. Функциялары:
      1) оның регламентіне сәйкес мәслихатының сессиялары мен тұрақты комиссияларының отырыстарын жүргізуді дайындау және ұйымдастыру-техникалық жұмысын қамтамасыз етеді;
      2) депутаттарға мәслихат шешімдерінің жобаларын және тұрақты комиссиялардың қорытындыларын дайындауға көмек көрсетеді;
      3) депутаттардың ұсыныстары негізінде аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарларын әзірлейді, аудандық мәслихаттың, оның органдары мен мемлекеттік мекеменің қызметі туралы есептер дайындайды;
      4) мәслихат депутаттарына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға жәрдемдеседі, консультациялық және әдістемелік көмек көрсетеді, депутаттардың сұратуларының, ұсыныстары мен ескертулерінің уақытылы қаралуын және іске асырылуын бақылайды;
      5) депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде айтылған ұсыныстары мен ескертулерін есепке алуды және жинақтауды жүргізеді, оларды іске асыру бойынша іс-шаралар әзірлейді және олардың орындалуын бақылайды;
      6) сессияның, тұрақты комиссия отырыстарының қарауына енгізілетін мәселелердің алдын ала талқылануын ұйымдастырады, депутаттарға мәслихаттың шешімдері мен тұрақты комиссиялар қорытындыларының сапалы дайындалуы мәселелерінде көмек көрсетеді;
      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілерді әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге жібереді;
      8) аудандық мәслихат шешімдерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етеді;
      9) аудандық мәслихаттың шешімдері мен басқа да құжаттарының таратылуын қамтамасыз етеді;
      10) мәслихаттың сессиялары мен басқа да отырыстарының және оның органдарының хаттамаларын құрастырады;
      11) іс қағаздарын жүргізеді;
      12) Бұқар жырау аудандық мәслихатының регламентін сақталуын қамтамасыз етеді;
      13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет шараларын қабылдайды;
      14) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен және аудандық мәслихаттың шешімдерімен оған жүктелген басқа да функцияларды орындайды.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      мемлекеттік мекеме өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін:
      1) аудан аумағында орналасқан ұйымдардың басшылары мен өзге де лауазымды адамдардан мәслихаттың жүргізуіне қатысты мәселелер бойынша ақпараттар, ауызша және жазбаша түсініктемелер сұрауға және алуға;
      2) мемлекеттік, мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен аудандық мәслихатының аппаратына жүргізуге қатысты мәселелер бойынша қызметтік хат жазысуға;
      3) Бұқар жырау аудандық мәслихатының және оның органдарының отырыстарына қатысуға;
      4) аудандық мәслихат хатшысының, мәслихат аппараты басшысының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың қызметшілерін, жергілікті бюджеттен және коммуналдық кәсіпорындардан қаржыландырылатын өзге де мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін, сессияларда және тұрақты комиссияларда қарау үшін мәселелерді дайындауға, сондай-ақ мемлекеттік мекеменің құзыретіне қатысты проблемалық мәселелерді шешу және зерделеуге тартуға құқығы бар.

3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру

      17. Мемлекеттік мекеме басшылықты мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы – Бұқар жырау аудандық мәслихатының хатшысы жүзеге асырады.
      18. Бұқар жырау аудандық мәслихатының хатшысы депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк дауысымен сессияда мәслихатпен сайланады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметтен босатылады.
      19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) қаржылық құжаттарында бірінші қол қоюға;
      2) есеп айырысу және басқа да банкте шоттар ашуға;
      3) заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасасуға;
      4) өз құзыреті шегінде мекеменің мүлігіне билік етуге;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мекеме қызметшілерін қабылдау мен босатуды жүзеге асыруға;
      6) қолданыстағы заңнамада көзделген көтермелеу мен тәртіптік жаза түрлерін қолдануға;
      7) еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі нормативтерін қамтамасыз етуге;
      8) мекеменің ішкі еңбек тәртібін белгілеуге;
      9) мекеме актілеріне қол қоюға;
      10) мекеме қызметшілерінің міндеті мен өкілеттігін анықтауға;
      11) мекеме қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
      12) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат өкiлі болуға;
      13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша шаралар қабылдауға құқығы бар.
      Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін орындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлғамен жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

      20. Мемлекеттік мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады