Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 5 "Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2014 жылы ұсыну туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 қыркүйектегі 28 сессиясының № 5 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 қыркүйекте № 2776 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 7 бабы 3 тармағының 4) тармақшасына және 18 бабы 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген, Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТI:
      1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 21 сессиясының 2014 жылғы 28 ақпандағы № 5 "Бұқар жырау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын 2014 жылы ұсыну туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 2570 болып тіркелген, "Бұқар жырау жаршысы" аудандық газетінің 2014 жылғы 5 сәуірдегі № 13 санында жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбындағыкіріспедегі және 1-тармақтағы "ветеринария" деген сөз "агроөнеркәсіптік кешен" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      аудандық мәслихат
      хатшысының өкілеттігін
      уақытша жүзеге асырушы                     Ш. Курбанов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Бұқар жырау ауданының экономика
      және қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ___________________ С.К. Аймагамбетова
      2014 жылғы 10 қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады