Бұқар жырау аудандық мәслихатының 22 сессиясының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 7 "Бұқар жырау аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы 29 сессиясының № 12 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 қарашада № 2822 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 2017 жылғы 10 қазандағы № 16 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Бұқар жырау аудандық мәслихатының 10.10.2017 № 16 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 8-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына және 9-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Бұқар жырау аудандық мәслихатының 22 сессиясының 2014 жылғы 28 наурыздағы № 7 "Бұқар жырау аудандық мәслихатының Регламентін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2624 болып тіркелген, 2014 жылы 19 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Бұқар жырау аудандық мәслихатының Регламентінде:

      8-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "8. Мәслихаттың кезектен тыс сессиясын мәслихатқа сайланған депутаттар санының кемінде үштен бірінің, сондай-ақ әкімнің ұсынысы бойынша мәслихат сессиясының төрағасы шақырады және жүргізеді.

      Кезектен тыс сессия оны өткізу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес күндік мерзімнен кешіктірілмей шақырылады. Кезектен тыс сессияда оны шақыруға негіз болған мәселелер ғана қаралады.".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Мәслихат хатшысы

Ш. КУРБАНОВ

А. ЖҮНІСПЕКОВ


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады