2014 жылы Қарқаралы ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 ақпандағы XХVI сессиясының № 26/217 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 7 наурызда № 2551 болып тіркелді. Шешім қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты өзінің қолданылуын тоқтатады (Қарқаралы аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 наурыздағы № 51 хаты)

      Ескерту. Шешім қабылданған мерзімінің өтуіне байланысты өзінің қолданылуын тоқтатады (Қарағанды облысы Қарқаралы аудандық мәслихатының 03.03.2016 № 51 хаты).
      Ескерту. Тақырыбына өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының мәслихатының 18.09.2014 N 32/275 (алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi "Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерiн және ережесiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТТI:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының мәслихатының 18.09.2014 N 32/275 (алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      1. 2014 жылы Қарқаралы ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына, өтiнiш берген сәтiне жетпiс еселiк айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақы ұсынылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының мәслихатының 18.09.2014 N 32/275 (алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      2. 2014 жылы Қарқаралы ауданының ауылдық елдi мекендерiне жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына өтiнiш берген сәтiне тұрғын үй сатып алу немесе салу үшiн, маманмен мәлiмделген сомада, бiрақ бiр мың бес жүз еселiк айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспайтын, бюджеттiк кредит түрiнде әлеуметтiк қолдау ұсынылсын.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының мәслихатының 18.09.2014 N 32/275 (алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      3. "Қарқаралы ауданының экономика және қаржы бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi осы шешiмдi iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
      4. Осы шешiм оның алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

26 сессия төрағасы:
А. Елюбаев
Аудандық мәслихат хатшысы:
С. Нүркенов
Келiсiлдi
 
"Қарқаралы ауданының
 
экономика және қаржы бөлiмi"
 
мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы
 
Б. Берниязов
 

      
      27 ақпан 2014 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады