"Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 қаңтардағы № 03/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 ақпанда № 2538 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 19 маусымдағы № 34/04 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 19.06.2015 № 34/04 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 41 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұржан Шаймерденұлы Әбілдинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Аймақов

Осакаров ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 14 қаңтардағы
№ 03/01 қаулысымен
бекітілген

"Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі тұрғын үй қоры аясында мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 101000, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Мостовая көшесі, 48 үй.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы:
      мемлекеттік тілде - "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел жилищной инспекции Осакаровского района".
      10. Осы Ереже "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: тұрғын үй қоры саласында мемлекеттік бақылау функцияларын орындау болып табылады.
      14. Міндеттері:
      1) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық зерттеуді ұйымдастыру;
      2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін, мерзімділігін және кезектілілігін айқындау;
      3) кондоминиум объектісін басқару органы ұсынған кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуге тұрғын үй көмегінің қатысуымен қаржыландырылатын шығыстардың сметасын келісу;
      4) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау жөніндегі комиссияларға қатысу.
      15. Функциялары:
      1) кондоминиум объектісінде және үйлер аралығындағы аумақтарда үй-жайлар (пәтерлер) меншік иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылау;
      2) тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйлерге ортақ жылуды, энергияны, газды және су ресурстарын есептейтін аспаптардың болуына мемлекеттік бақылау;
      3) кондоминиум объектісіндегі үй-жайлар меншік иелерінің ортақ мүліктің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйіне қолданыстағы нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамаларға сәйкес оның күтіп-ұстау және жөндеу бойынша жұмыстардың уақытылы орындалуына мемлекеттік бақылау;
      4) тұрғын үйді (тұрған ғимаратты) маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға мемлекеттік бақылау;
      5) қабылданған шешімдерді және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындауға мемлекеттік бақылау;
      6) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылау.
      Мемлекеттік мекеме тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды), үйлер іргесіндегі аумақтарды күтіп-ұстау және коммуналдық қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі нормативтік және әдістемелік құжаттарды дайындауға қатысады, сондай-ақ бақыланатын объектілердің иелеріне, кәсіпорындарға, ұйымдарға немесе тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды), үйлер іргесіндегі аумақтарды пайдаланатын азаматтарға консультациялық көмек көрсетеді.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан өзге де ұйымдардан өз құзырына қатысты қажетті ақпаратты, құжаттарды басқа да мәселелер бойынша материалдарды белгіленген тәртіппен сұрауға және алуға;
      2) лауазымды тұлға тексеруді жүргізу уақытында қызметтік куәлікті көрсетіп тексерілетін объектіге барады;
      3) тексеру жүргізу кезінде кез келген қажетті ақпаратты сұратуға, тексеруге қатысты құжаттардың түпнұсқасымен танысуға;
      4) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 43 бабының 7 тармағына сәйкес, уәкілетті орган бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес, үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің жалпы жиналысына кооперативтік басқармасының төрағасы лауазымына кандидатура ұсынуға;
      5) тексеруді Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Заңына сәйкес жүргізуге;
      6) тексеру жүргізу кезеңінде тексерілетін объектінің белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;
      7) тексеру жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын қамтамасыз етуге;
      8) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау тәртібінің бұзушылықтары туралы актілер жасауға;
      9) мемлекеттік мекеменің қызмет саласына қатысты мәселелері бойынша тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өткізетін іс-шараларына қатысуға;
      10) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау ережелерін бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті нұсқама шығаруға;
      11) қолданыстағы заңнаманың талаптарын сақтауға;
      12) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бақылау және тексеру жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуге;
      13) тұрғын үй қорын және үйлер іргесіндегі аумақтарды күтіп-ұстау және пайдалану, тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетуді бақылау жөніндегі іс-шараларды өткізу нәтижесінде анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтарды жіберген тұлғаларды қолданысты заңнамаға сәйкес жауапқа тартуға;
      14) басқа да міндеттерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыруға.

3. "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      17. "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      18. "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
      1) сенімхатсыз "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі атынан әрекет ете алады;
      2) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;
      3) шарттар жасайды;
      4) сенімхат береді;
      5) іс-сапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлердің қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында және басқа да біліктілігін арттыру түрлері бойынша "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жоспарлары мен тәртібін бекітеді;
      6) банкте есеп шоттар ашады;
      7) барлық қызметкерлерге міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;
      8) "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
      9) "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне көтермелеу және тәртіптік жаза беру шараларын қолданады;
      10) "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды.
      "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      20. "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі"
мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      23. "Осакаров ауданының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады