"Осакаров ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы № 04/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 ақпанда № 2544 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі № 21/03 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 27.04.2016 № 21/03 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 41 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 18 бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Осакаров ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұржан Шаймерденұлы Әбілдинге жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
С. Аймақов

      

  Осакаров ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 17 қаңтардағы
№ 04/03 қаулысымен
бекітілген

"Осакаров ауданының құрылыс бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Осакаров ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Осакаров ауданының құрылыс саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Бөлімнің құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 101000, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Осакаровка кенті, Первомайская көшесі 5.
      9. Бөлімнің толық атауы:
      мемлекеттік тілде - "Осакаров ауданының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде - государственное учреждение "Отдел строительства Осакаровского района".
      10. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Бөлімнің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
      12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Бөлімнің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Бөлімнің миссиясы: ауданның елді мекендерінде аумақтық даму қала құрылысы шешімдерін сапалы жаңа деңгейіне жеткізу мақсатында құрылыс қызметін дамыту саласында мемлекеттік саясатын өткізу.
      14. Міндеттері:
      1) тиісті аумақта құрылыс қызметі саласында мемлекеттік саясатын өткізу;
      2) құрылыс саясаты, оңтайлы құрылыс салуды ұйымдастыру және ауданның елді мекендерінде аумақтық даму құрылыстық шешімдерін тиімді іске асыруға байланысты жұмыстардың сапасын арттыру;
      3) ресурстық және технологиялық базасын қайта құру негізінде инфрақұрылымның және құрылыстың дамуына жәрдемдеседі;
      4) әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымдар объектілерінің құрылысын жеке тұрғын үй құрылысы аумағында ұйымдастыру;
      5) объектілерді жобалау үшін нормативтік-техникалық құжаттамасы базасын дамыту;
      6) аудан аумағын құрылыстық игеру кезінде заңнамамен белгіленген тәртіпте бекітілген, құрылыс қызметі, мемлекеттік нормативтер туралы заңнамасының және өзге де жобалы құжаттаманың нормаларын сақтау;
      7) ауданның елді мекендерін кешенді әлеуметтік-экономикалық дамытуына ағымдағы және келешекті міндеттерін шешуге бағытталған жұмыстарды және құрылыстық бағдарламаларды іске асыруды ұйымдастыру;
      8) құрылыс жобасын ұйымдастыру;
      9) құрылыстық құжаттаманың барлық сабақтас бөлімдерін үйлестіру.
      15. Функциялары:
      1) аудандық коммуналдық меншік объектілерін (реконструкциялау, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру, жаңғырту), құрылыс бойынша бірыңғай тапсырыс беруші қызметін жүзеге асырады;
      2) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізеді;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) пайдалануға қабылдау жөніндегі комиссияның құрамын белгілейді және тағайындайды, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізеді;
      4) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдайды;
      5) құрылыс аяқталған объектілерді пайдалануға береді;
      6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) осы Ережеде көзделген функцияларды орындау және жүзеге асыру үшін аудандық атқарушы органдары мен басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардан құрылыс мәселелері бойынша қажетті құжаттарды және материалдарды сұратуға;
      2) ауданда өткізілетін қаржы-несиелік, инвестициялық, жекешелендіру, салық саясатының шешімдерін әзірлеуде және Бөлімнің жай-күйіне әсер ететін жағдайларда қатысуға;
      3) өз құзыреті шегінде аудан аумағындағы құрылыс қызметінің мәселелері бойынша шешімдер қабылдауға;
      4) өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде құрылыс және құрылыс индустрия кез келген объектілеріне кедергісіз келуге;
      5) адамдардың өміріне және денсаулығына қауіп-қатер көрсететін, сондай-ақ меншікке, республика азаматтарының құқықтары мен мүдделеріне және заңды тұлғаларға зиян келтіретін, жобалық құжаттамамен бекітілген нормативтік талаптардың ауытқуы мен бұзушылықтарымен орындалатын құрылыстарды қаржыландыру және несиелендірудің толық немесе ішінара тоқтатуы туралы тиісті органдарға белгіленген тәртіпте ұсыныстар енгізуге;
      6) заңда белгіленген тәртіпте өз бетімен құрылыс салу, қала құрылысы тәртібін бұзған үшін кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы мәселелерін тиісті мемлекеттік органдар алдында қозғауға;
      7) аудан аумағында құрылыс аясындағы мемлекеттік нормативтер мен талаптардың бұзылу себептерін анықтауға және талдауға;
      8) тұрғын үй объектілерін, инженерлік инфрақұрылымды салуға, қайта құруға және күрделі жөндеуге, абаттандыруға, тендерлер өткізуге конкурстың ұйымдастырушысы болып шығуға;
      9) тұрғын үй объектілерін, инженерлік инфрақұрылымды салуға, қайта құруға және күрделі жөндеуге, абаттандыруға, мердігерлермен жасалған тендерлік шарттардың талаптарын сақтауды бақылауға;
      10) құрылыс саласындағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныс енгізуге;
      11) белгіленген тәртіпте актілердің және жергілікті атқарушы органдардың жеке шешімдерін тоқтату және жою бойынша ұсыныстар енгізуге;
      12) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелері бoйынша жиналыстар өткізуге;
      13) құрылыс мәселелері бойынша аудан әкімдігінің қаулылары мен әкім өкімдерінің жобаларын дайындауға;
      14) Бөлімнің жүргізуіне қатысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін қарауға, тексеруге және олар бойынша тиісті шаралар қабылдауға;
      15) жер учаскелерін беру, жобаларды келісу, техникалық жағдайларды беру, құрылыс кезінде қызмет көрсету, сондай-ақ жеке салушылардың мүдделерін қорғайтын нормаларды сақтау бойынша материалдарды дайындау, құрылыс ережелерімен белгіленген мерзімде жүзеге асыратын жергілікті қызметтердің жұмысын бақылауға;
      16) өз құзыретінің мәселелері бойынша жұмыс топтарын құруға, ведомствааралық комиссиялардың жұмысына қатысуға;
      17) қолданыстағы заңнамада көзделген осы Ережеде анықталған міндеттер мен функциялардан туындайтын өзге де құқықтарды жүзеге асыруға.

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

      17. Бөлім басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      18. Бөлім басшысын аудан әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. Бөлім басшысының өкілеттігі:
      1) басшы Бөлім жұмысын ұйымдастырады және жүзеге асырады, Бөлімге жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына дербес жауапты болады, Бөлім қызметінің жеке бағыттарына басшылық және жауапкершілік дәрежесін орнатады;
      2) Бөлім қызметкерлерінің қызметтік өкілеттіктерінің көлемін және лауазымдық нұсқаулықтарын олардың атқаратын қызметтеріне сәйкес бекітеді;
      3) өз құзыреті шегінде Бөлімнің барлық қызметкерлеріне орындау үшін міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      4) заңнамаға, штаттық кестеге сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) белгіленген тәртіпте аудан әкімінің қарауына Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелері бойынша шешімдер және өкімдер жобаларын енгізеді;
      6) құжаттардың орындалуы бойынша бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, олардың сақталуына жауапты болады;
      7) заңнамамен белгіленген тәртіпте қызметкерлердің көтермелеуін жүзеге асырады;
      8) қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдарда және ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің өкілі болады;
      9) Бөлім атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
      10) өз құзыреті шегінде Бөлім атынан сенімхаттар береді;
      11) банкттік шоттар ашады;
      12) шарттар жасайды;
      13) оның құзыретіне қатысты өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.
      Бөлімнің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Бөлімнің мүлкі

      20. Бөлім заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады