"Приозерск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қаңтардағы № 2/2 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 ақпанда № 2531 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы № 9/2 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Приозерск қаласының әкімдігінің 02.03.2015 № 9/2 (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабын, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1 бабының 4-1 тармағын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органның үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығының 2 тармағына сәйкес, Приозерск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Приозерск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі – Ереже) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Приозерск қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 07/53 "Приозерск қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысы жойылсын.
      Ескерту. Қарағанды облысы Приозерск қаласы әкімдігінің 28.02.2013 № 07/53 қаулысы РҚАО-ға түскен жоқ.
      3. "Приозерск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Ж. Есенжолов) Қарағанды облысының Әділет департаментінде Ереженің тіркелуін қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау әкім аппаратының басшысы Н.А. Стамқұлға жүктелсін.
      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қала әкімі                                 Қ. Камзин

Приозерск қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 16 қаңтардағы
№ 2/2 қаулысымен бекітілген

"Приозерск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
Ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. "Приозерск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Мекеменің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Мекеменің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Балқаш көшесі, 5.
      9. Толық атауы –
      мемлекеттік тілде: "Приозерск қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
      орыс тілінде: государственное учреждение "Отдел архитектуры и градостроительства города Приозерск".
      10. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. Мекеме қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. Мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мекеменің миссиясы:
      Қаланың заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген бас жоспарын, заңнамада белгіленген тәртіппен қала ықпал ететін аймаққа жатқызылған іргелес жатқан аумақтарда қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру.
      14. Міндеттері:
      1) ведомстволық бағынысты аумақта белгіленген шекара шегінде жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы қатынастарды реттеу;
      2) құрылыс, сәулет және қала құрылысы саласында заңдылықты сақтау.
      15. Функциялары:
      1) қаланың бас жоспарының жобасын, қала шегі мен қала маңы аймағының шекараларын, сондай-ақ ведомстволық бағынысты әкімшілік аудандардың және серіктес елді мекендердің шекараларын белгілеу және өзгерту жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және қала мәслихатының мақұлдауына ұсыну;
      2) қаланы әлеуметтік-экономикалық дамыту бағдарламалары құрамындағы қала құрылысы құжаттамасын, сондай-ақ қала аумағында құрылыс салудың, оны абаттандыру мен инженерлік жағынан қамтамасыз етудің ережелерін қалалық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;
      3) қалалық мәслихатқа тұрғын үй қорын, өзге де ғимараттар мен тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы құрылыстарды, инженерлік коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының жергілікті маңызы бар объектілерін сақтау және күтіп-ұстау ережелерін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
      4) құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабарлап отыру;
      5) қала және қала маңы аймағының қала құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекіту және іске асыру;
      6) ведомстволық бағынысты аумақта құрылыс салуға немесе өзге де қала құрылысын игеруге арналған жер учаскелерін таңдау, беру, ал заңнамалық актілерде көзделген жағдайларда, мемлекеттік қажеттер үшін алып қою жөнінде шешімдер қабылдау;
      7) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру мен көгалдандыру, құрылысты (объектіні) консервациялау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешімдер қабылдау;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) қабылдау жөніндегі комиссияның құрамын белгілеу және тағайындау, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;
      9) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткіштерін, мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтауды және олардың нормативтік күтіп-ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау ұйымдастыру;
      10) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;
      11) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.
      16. Құқықтары мен міндеттері:
      1) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттарды, құжаттарды, басқа да материалдарды, Мекемесінің құзырына жататын сұрақтар бойынша лауазымды тұлғалардан ауызша және жазбаша түсініктеме сұратуға және алуға;
      2) ақпараттық мәліметтердің барлық түрін, сонымен қатар мемлекеттік органдардың қарамағындағы құпия мәліметтерді пайдалануға;
      3) мекеме жүргізетін сұрақтар бойынша мемлекеттік органдармен және мемлекеттік емес ұйымдармен қызметтік хат алмасуға;
      4) қала әкімдігінің отырыстарына қатысуға.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. Мекемеге басшылықты Мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. Мекеменің бірінші басшысы Приозерск қаласының әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      19. Мекеменің бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді;
      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және оның әрі қарай іске асырылуына дербес жауапты болады;
      3) заңнамаға сәйкес мекемtінің мамандарын тағайындайды және лауазымынан босатады;
      4) бекітілген заңнамалар тәртіппен әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің қатарына жататын қызметкерлердің бос лауазымына конкурс жариялайды, бөлім қызметкерлерін көтермелеу, тәртіптік жазаға тарту туралы бұйрықтар шығарады;
      5) мекемені басқа мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда көрсетеді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттілікті жүргізеді.
      Мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлғамен жүзеге асырылады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      20. Мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      Мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      21. Мекеменің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      23. Мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады