Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (этномофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау туралы

Күшін жойған

Қызылорда облыстық әкімдігінің 2014 жылғы 10 шілдедегі N 638 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 шілдеде N 4723 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облыстық әкімдігінің 29.12.2014 N 806 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облыстық әкімдігінің 29.12.2014 N 806 қаулысымен.
      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 573 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес субсидияланатын гербицид түрлері және гербицидтерді жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 килограмына (литріне) арналған субсидия нормалары белгіленсін.
      2. «2014 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға облыстық бюджет қаражатынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4674 тіркелген, «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2014 жылғы 17 мамырда жарияланған) Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 581 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қызылорда облысының әкімі
      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі
      _____________А. Мамытбеков
      2014 жылғы «11» шілде

Қ. Көшербаев
 
 
 
 
 


Қызылорда облысы әкімдігінің
2014 жылғы «10» шілдедегі
№ 638 қаулысына қосымша

Субсидияланатын гербицид түрлері және гербицидтерді жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 килограмына (литріне) арналған субсидиялар нормалары
 

р/с

Субсидияланатын гербицидтердің түрлері

Өлшем бірлігі

Бір өлшем бірлігінің құнын арзандату пайызы

Бір бірлікке арналған субсидия нормасы, теңге

1

Клиник, 36%, с.е.
(қышқыл глифосаты 360 г/л)

кг (л)

49,9

646

2

Ураган Форте, 500, с.е.
(қышқыл глифосаты 500 г/л)

кг (л)

49,9

1061

3

Торнадо, 50% с.е. (қышқыл глифосаты 500 г/л)

кг (л)

49,9

877

4

Солито, 320, э.к.
(претилахлор, 300 г/л+ пирибензоксим, 20 г/л)

кг (л)

29,9

2 140

5

Номини, 400, с.к.
(натрий биспирибагі, 400 г/л)

кг (л)

29,9

26 910

6

Рейнбоу, 25 ОД, м.ш.
(пеноксулам, 25 г/л)

кг (л)

29,9

4 425

7

Боливер, 50% с.д.т.
(азимсульфурон, 500 г/кг

кг (л)

29,9

84 078

8

Гулливер, с.д.т.
(азимсульфурон, 500 г/кг)

кг (л)

29,9

86 710

9

2М-4Х 750, 75% с.е.к.
(диметиламинді тұз)

кг (л)

29,9

542

10

Базагран, 48% с.е.
(бентазон, 480 г/л)

кг (л)

29,9

730

11

Гезагард, 500, с.к.
(прометрин, 500 г/л)

кг (л)

29,9

636

12

Пантера, 4% к. э. (40 г/л)

кг (л)

29,9

1078

13

Азимекс, (азимсульфурон, 500 г/кг)

кг (л)

29,9

74750


      Қысқартылған сөздердің толық жазылуы:
      г/кг – грамм/килограмм;
      г/л – грамм/литр;
      кг (л) – килограмм (литр);
      э. к.- эмульсия концентраты;
      м.ш. - майлы шашырама;
      с.е.к.- суда еритін концентрат;
      с.д.т.- сулы дисперленген түйіршік;
      с.к.- сулы концентрат;
      с.е.- сулы ерітінді;
      с. к.- суспензиялы концентрат.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады