Кейбір мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 13 ақпандағы N 1592 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 03 наурызда N 4605 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы N 2787 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қызылорда қаласы әкімдігінің 23.01.2015 N 2787 қаулысымен (қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
      "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңының 13-бабы 5-тармағына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес кейбір мемлекеттік органдардың мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Тлеумбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланғанынан кейiн жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің
      Қызылорда облысы бойынша
      департаментінің басшысы
      _________________Ғ. Тұрсынбаев
      "13" ақпан 2014 жыл

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
2014 жылғы "13" ақпандағы
N 1592 қаулысымен бекітілген

Біліктілік талаптары
"Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы E-R-1, 10-1-1

Критерийлер
Талап
Білімі
Жоғары заңгерлік немесе экономикалық немесе техникалық білімі.
Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:
1) мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес;
2) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;
3) ғылыми дәрежесiнiң болуы;
4) мемлекеттiк органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтiлi бiр жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде басшылық лауазымдарда бiр жылдан кем емес.
Кәсіптік құзыреттілігі
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Президентi туралы", "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы", "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы", "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық, актiлерiн, "Қазақстан - 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiмдер;
Жұмыс тәжірибесі
1. Типтік біліктілік талаптарына сәйкес.
2. Мемлекеттік органдардың коммуналдық шаруашылығы саласындағы ұжыммен жұмыс жасау тәжірибесінің, басқару қабілетінің болуы;
Компьютерде word, excel, e-mail, internet бағдарламаларымен жұмыс жасай білуі, стратегиялық жоспарларды талдай білу қабілетінің болуы, міндетті түрде мемлекеттік тілді меңгеруі тиіс. Шет тілдерін меңгеруі қошталады.
Функционалдық міндеттері
1. Негізгі функционалдық міндеттері:
Мекеменің ісін ұйымдастырады және басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың орындалуына жауапты болады;
Кәсіпорындарды, ұйымдарды, қала тұрғындарын уақытылы жылумен, газбен, ыстық сумен электр жарығымен қамтамасыз етуді бақылайды.
Қаланың жаңа тұрғын-үй қорларының өжірелердің, жылу және су жүйелерінің құрылыс жұмыстарын жүргізілуін жүзеге асырады. Қала тұрғындарының жылу, энергетика, коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өтініштері мен ұсыныстарын уақытылы қарайды.
Қаладағы орталық алаңды, тротуарларды, субұрқақтарды, скверлерді, суарылатын каналдарды, көше жарықтарын, қала көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді, оларды күтіп-ұстауды және пайдалануды, жол жүрісін реттеуді, техникалық құралдарын орналастыруды, пайдалану және белгілеуді, қала халқын көлік қатынасымен қамтамасыз етуді және оны реттеуді ұйымдастырады.
Өндіріс, еңбек салаларын қаржыландыру және коммуналдық шаруашылық саласының жоспарларын дамыту мақсатында ұсыныстар енгізеді.
Көгалдандыруды дамыту, жаңа техникаларды енгізу және мердігер мекемелерді материалдық – техникалық жоспарларымен қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды жобалауда жобалау-сметалық құжаттарын әзірлейді, оларды сараптамадан өткізуді қамтамасыз етеді және мердігер мекемелерге тапсырады.
Әзірленген жобалау- сметалық құжаттарды мердігер мекемелерге тапсырады және сараптамадан өткізуді қамтамасыз етеді, атқарылатын жұмыстарды жоспарлау мақсатында тапсырмалар береді.
Коммуналдық шаруашылық автомобиль жолдары және көгалдандыру мәселелері бойынша қала тұрғындарының өтініштері мен ұсыныстарын уақытылы қарайды.
Бөлінген қаражат көлеміне сәйкес абаттандыру, күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, қаланың инженерлік жүйелерін кеңейту мақсатында азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын уақытылы қарайды.
2. Қадағалау функциялары:
Белгіленген тәртіппен қаржы шаруашылық қызметтердің жұмысына бақылау жүргізуді, барлық коммуналдық салалардағы мердігер мекемелер мен ұйымдарды қаржыландыруды басқарады және бақылайды.

  Қызылорда қаласы әкімдігінің
2014 жылғы "13" ақпандағы
N 1592 қаулысымен бекітілген

Біліктілік талаптары
"Қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы E-R-1, 15-1-1

Критерийлер
Талап
Білімі
Жоғары заңгерлік немесе экономикалық немесе техникалық білімі.
Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:
1) мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес;
2) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;
3) ғылыми дәрежесiнiң болуы;
4) мемлекеттiк органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтiлi бiр жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде басшылық лауазымдарда бiр жылдан кем емес.
Кәсіптік құзыреттілігі
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Президентi туралы", "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы", "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы", "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы", "Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы" Заңдарын, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық, актiлерiн, "Қазақстан - 2050" Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi.
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiмдердің болуы;
Жұмыс тәжірибесі
1. Типтік біліктілік талаптарына сәйкес.
2. Мемлекеттік органдардың коммуналдық шаруашылығы саласындағы ұжыммен жұмыс жасау тәжірибесінің, басқару қабілетінің болу;
Компьютерде word, excel, e-mail, internet бағдарламаларымен жұмыс жасай білуі, стратегиялық жоспарларды талдай білу қабілетінің болуы, мемлекеттік тілді меңгеруі міндетті түрде. Шет тілдерін меңгеруі қошталады және мемлекеттік тілді толық меңгеруі қажет.
Функционалдық міндеттері
1. Негізгі функционалдық міндеттері:
Мекеменің ісін ұйымдастырады және басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың орындалуына жауапты болады.
Қаладағы орталық алаңды, тротуарларды, субұрқақтарды, скверлерді, суарылатын каналдарды, көше жарықтарын, қала көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді, оларды күтіп-ұстауды және пайдалануды, жол жүрісін реттеуді, техникалық құралдарын орналастыруды, пайдалану және белгілеуді, қала халқын көлік қатынасымен қамтамасыз етуді және оны реттеуді ұйымдастырады.
Өндіріс, еңбек салаларын қаржыландыру және коммуналдық шаруашылық саласының жоспарларын дамыту мақсатында ұсыныстар енгізеді.
Көгалдандыруды дамыту, жаңа техникаларды енгізу және мердігер мекемелерді материалдық – техникалық жоспарларымен қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды жобалауда жобалау-сметалық құжаттарын әзірлейді, оларды сараптамадан өткізуді қамтамасыз етеді және мердігер мекемелерге тапсырады.
Бөлінген қаражат көлеміне сәйкес абаттандыру, күрделі жөндеу, қайта жаңғырту, қаланың инженерлік жүйелерін кеңейту мақсатында азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын уақытылы қарайды.
2. Қадағалау функциялары:
Бекітілген тәртіп бойынша мердігер кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру, қаржы-шаруашылық қызметін үйлестіру, ведомстволық бағыныштылық құқығындағы қаладағы барлық коммуналдық салалардың қызметін үйлестіреді және басқарады.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады