Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Қызылорда қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы N 27/3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 сәуірде N 4639 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 2017 жылғы 29 қарашадағы № 121-18/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда қалалық мәслихатының 29.11.2017 № 121-18/3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).
      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуіріндегі Заңына және "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы Қаулысына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда қалалық
      мәслихатының кезекті
      ХХVІІ сессиясының төрайымы Г. ЖҰМАШЕВА
      Қызылорда қалалық
      мәслихатының хатшысы И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ

  Қалалық мәслихаттың
2014 жылғы 27 наурыздағы
N 27/3 шешіміне қосымша

Тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшері

      Осы тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі N 94 Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 Қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесіне" сәйкес әзірленді.

1. Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қызылорда қаласында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      1) жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды;
      2) тұрғынжайдың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
      3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
      Белгіленген нормалар шегіндегі шекті жол берілетін шығыстар үлесі отбасының (азаматтың) жиынтық табыстың 5 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қызылорда қалалық мәслихатының 23.06.2015 № 43/5 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.
      3. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы N 2314 Қаулысымен бекітілген "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінің" 4-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      4. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.

2. Тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері

      5. Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгіленген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
      6. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін тағайындау төмендегі пайдалану нормасына сәйкес жүргізіледі:
      1) электр энергиясын пайдалану 1 айға:
      1 адамға - 45 киловатт-сағат;
      2 адамға - 90 киловатт-сағат;
      3-4 адамға - 100 киловатт-сағат;
      5 және одан да көп мүшесі бар отбасына - 150 киловатт-сағат;
      2) газбен жабдықтау 1 айға:
      5 адамға дейінгі мүшесі бар отбасына - 10 килограмм,
      5 адамға және одан да көп мүшесі бар отбасына - 20 килограмм;
      3) ыстық және салқын су - ай сайын 1 адамға тариф бойынша;
      4) тұрғын үйді күтіп ұстау ай сайын:
      1 адамға - 18 шаршы метр;
      жалғыз тұратын адамдар үшін - 31 шаршы метр;
      5) жылумен жабдықтау ай сайын:
      1 адамға 18 шаршы метр;
      жалғыз тұратын адамдар үшін - 31 шаршы метр;
      6) тұрмыстық қалдықтарды шығару – ай сайын әр адамға тариф бойынша;
      7) кәріз қызметтері - ай сайын әр адамға тариф бойынша;
      8) әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 512 "Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің кейбір мәселелері туралы" Қаулысына сәйкес жүргізіледі;
      9) тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде;
      10) отынды (көмірді) жылыту маусымында пайдалану - әр отбасына бір айға 0,5 тонна;
      11) лифт - әр отбасына тариф бойынша.

3. Қаржыландыру және тұрғын үй көмегін төлеу тәртібі

      7. Тұрғын үй көмегін төлеу уәкілетті органмен тұрғын үй көмегін алушының өтініші бойынша тұрғын үй көмегін алушының, қызмет көрсетушілердің, кондоминиум объектілерін басқару органдарының жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер, сонымен қатар банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы және шоттарға ақшалай сомаларды аудару ай сайын жүргізіледі.

Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи

Решение Кызылординского городского маслихата от 27 марта 2014 года N 27/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 18 апреля 2014 года N 4639. Утратило силу решением Кызылординского городского маслихата от 29 ноября 2017 года № 121-18/3

      Сноска. Утратило силу решением Кызылординского городского маслихата от 29.11.2017 № 121-18/3 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" и Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" Кызылординский городкой маслихат РЕШИЛ:
      Определить согласно приложению размер и порядок оказания жилищной помощи.
      Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

      Председатель очередной
      ХХVІІ сессии Кызылординского
      городского маслихата ЖУМАШЕВА Г.
      Секретарь Кызылординского
      городского маслихата КУТТЫКОЖАЕВ И.

  Приложение
к решению городского маслихата
от 27 февраля 2014 года N 27/3

Размер и порядок оказания жилищной помощи

      Настоящий размер и порядок оказания жилищной помощи разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года N 94 "О жилищных отношениях", "Правилам предоставления жилищной помощи", утвержденным Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2314.

1. Порядок оказания жилищной помощи

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам), постоянно проживающим в городе Кызылорда на оплату:
      1) расходов на содержание общего имущества объекта кондоминиума семьям (гражданам), проживающим в приватизационных жилищах или являющимся нанимателями (поднанимателями) жилых помещений (квартир) в государственном жилищном фонде;
      2) потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, семьям (гражданам), являющимся собственниками или нанимателями (поднанимателями) жилища;
      3) арендной платы за пользованием жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.
      Расходы малообеспеченных семей (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.
      Доля предельно допустимых расходов в пределах установленных норм устанавливается в размере 5 процентов от совокупного дохода семьи (гражданина).
      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными решением Кызылординского городского маслихата от 23.06.2015 № 43/5 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования).
      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Городской отдел занятости и социальных программ" (далее-уполномоченный орган).
      3. Для назначения жилищной помощи семья (гражданин) обращается в уполномоченный орган с заявлением и представляет документы, указанные в пункте 4 Правил предоставления жилищной помощи, утвержденных Постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года N 2314.
      4. Жилищная помощь назначается с начала месяца подачи заявления на текущий квартал.

2. Размер оказания жилищной помощи

      5. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на содержание жилого дома (жилого здания), потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, арендной платы за пользованием жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.
      6. Назначение жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) производится в соответствии нижеследующими нормами потребления:
      1) потребление электроэнергии на 1 месяц:
      на 1 человека - 45 киловатт-час;
      на 2 человека - 90 киловатт-час;
      на 3-4 человека - 100 киловатт-час;
      семье из 5 и более членов - 150 киловатт-час;
      2) газоснабжение на 1 месяц:
      до 5-х членов семьи - 10 килограмм;
      от 5 членов семьи и более - 20 килограмм.
      3) горячая и холодная вода – ежемесячно на 1 человека по тарифу;
      4) содержание жилья ежемесячно:
      на 1 человека - 18 квадратных метров;
      для одинокопроживающих людей - 31 квадратный метр;
      5) теплоснабжение ежемесячно:
      на 1 человека - 18 квадратных метров,
      для одинокопроживающих людей - 31 квадратный метр.
      6) вывоз бытовых отходов – ежемесячно на каждого человека по тарифу;
      7) услуги канализации – ежемесячно на каждого человека по тарифу;
      8) компенсация повышения тарифов абонентской платы за телефон подключенный к сети телекоммуникаций, производится в соответствии с Правилами компенсации и повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 2009 года N 512 "О некоторых вопросах компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам";
      9) в части увеличения арендной платы за пользование жилищем;
      10) потребление топлива (угля) в отопительный сезон - на каждую семью в месяц 0,5 тонны;
      11) лифт – на каждую семью по тарифу.

3. Финансирование и порядок выплаты жилищной помощи

      7. Выплата жилищной помощи осуществляется уполномоченным органом по заявлению получателя жилищной помощи через банки второго уровня, а также через организации осуществляющие отдельные виды банковской деятельности на лицевые счета получателя жилищной помощи, поставщиков услуг, органов управления объектов кондоминиума и меречисление денежных сумм на счета производится ежемесячно.