Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік жеңілдіктер беру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 06 маусымдағы № 33-5 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 маусымда № 4708 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 2016 жылғы 01 тамыздағы № 5-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш аудандық мәслихатының 01.08.2016 № 5-3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы” Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 44-бабына және “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Жалағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Жалағаш ауданында “Отан”, “Даңқ” ордендерімен наградталған, айырымның ең жоғары дәрежесі - “Халық Қаһарманы” атағына, республиканың құрметті атақтарына ие болған азаматтарға қоғамдық көліктің барлық түрімен (таксиден басқа) жүру үшін, ай сайын - 1,9 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік жеңілдіктер берілсін.
      2. Әлеуметтік жеңілдіктерді қаржыландыру “1999 жылдың 26 шілдесінде “Отан”, “Даңқ” ордендерімен марапатталған, “Халық Қаһарманы” жоғары атағын және республиканың құрметті атақтарын алған азаматтарды әлеуметтік қолдау” 009 - бюджеттік бағдарламасы бойынша аудан бюджеті қаражаты есебінен жүргізіледі.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Жалағаш аудандық
      мәслихатының XХХІІІ
      сессиясының төрағасы А. КИПШАКБАЕВ
      Жалағаш аудандық
      мәслихатының хатшысы К. СҮЛЕЙМЕНОВ
      КЕЛІСІЛДІ:
      “Жалағаш аудандық экономика
      және бюджеттік жоспарлау бөлімі”
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      __________________ Б.Тәшімбетов
      “06” маусым 2014 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады