Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 27/8 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 мамырда № 4673 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 ақпандағы № 50/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 11.02.2016 № 50/3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабын басшылыққа ала отырып, Шиелі ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орны Шиелі кенті, "Самара-Шымкент" автотрассасы бойында орналасқан Ыбырай Жақаев атындағы саябақ белгіленсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы А. Әбдіқадырова
      Аудандық мәслихат
      хатшысы Ә. Оразбекұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады