Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Жаңа

Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 қазандағы № 25/172 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 қарашада № 2526 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 20 наурыздағы № 10/76 «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау Қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2241 болып тіркелген, 2013 жылғы 30 сәуірде аудандық «Ақкетік арайы» газетінде жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Қағиданың 2 тармағының 4) тармақшасы3 тармағы және 7 тармағының 9) тармақшасы алынып тасталсын.
      2. «Түпқараған аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (А.Ізбен) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Түпқараған аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы О.Әбдірахманов) жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



      Сессия төрағасы:                        М.Шырақбай

      Аудандық мәслихат хатшысы:              А.Досанова



      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Түпқараған аудандық экономика және
      қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
      басшысы:
      Ж.Төлеген
      27 қазан 2014 жыл



      «КЕЛІСІЛДІ»
      «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      М.Дощанов
      27 қазан 2014 жыл



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады